Қасиетті рамазан айының дұғалары 6

Қасиетті рамазан айының дұғалары 6

 Рамазан айының алтыншы күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

 Бұл айда күнәләрім үшін мені кішірейтпе, мені жазалама және Өзіңнің ашуыңнан алыстат.

Өзіңнің шексіз нығметтеріңнен бере гөр, уа ақиқат іздеушілердің соңғы мақсаты.

Бүгінгі дұғада Алладан кемсітушілік пен қорлыққа  себеп болатын  әр істен алыстатуды сұрадық. Күнә жасап, оны қайталаған адамның  азап-қорлық көретіндігі шәксіз. Өйткені күнә жасау Алламен қарсыласудың бір түрі болып табылады. Жаратушы бір істі орындауға бұйырып, пендесі оны орындаудан бас тартқан кезде пенде Жаратушының құдыретінің алдында қор болады. Илаһи рақымдылық бойынша Алла өз пенделеріне риза болған кезде оларды кешіреді. Дұғаның келесі бөлімінде Алладан күнәлардан алыстауға көмектесіп, илаһи кек пен ашуға бетпе-бет келмеуіміз қарастырылады. Әрине Алла Тағаланың біздің құлшылығымызды қажет етпейтінін ұмытпауымыз керек. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Илаһи ашу мен азап та адамға кемелдікке қарай жол нұсқайды. Өйткені, егер адам өз еркімен қалса нәпсісі оның ақылын жеңіп, адам ойына келгенді істейді. Мұндай жағдайда жер бетінде адамның адамгершілігінен еш нәрсе қалмайды. Қасиетті рамазан айының алтыншы күнінің дұғасында Алладан бұл күні Өзін ашуландыратын әр нәрседен алыстатуды сұраймыз. Өйткені, біз әрқашан күнәдән алыстау үшін Оның көмегіне мұқтажбыз. Адамның талабы еш уақытта таусылмайды. Кейбір уақытта адам билікке ие  болғысы келеді, бірақ оған жеткен кезде оның одан да  жоғары армандары мен тілектері пайда болады. Өйткені  адам абсолюттік кемелдікке жеткісі келеді. Ал абсолюттік кемелдік әлемнің Жаратушысының  болмысы. Сондықтан біз  бұл күні армандаушылардың барлық армандарын шешушіден көмек сұраймыз.

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста