Қазақ неліктен “Шыбын жан” деп айтады?

Қазақ неліктен “Шыбын жан” деп айтады?

«Шыбын жаны көзіне көрінді», «шыбын жанын қоярға жер таппады», «шыбын жанын шүберекке түйді», «шыбын жаны шыға жаздады», «шыбын жаны шырқырады», «шықпаған шыбын жан-ай» деген сөз тіркестерін қазақ әдебиетінен байқаймыз. Неге осы «шыбын»?

 

Осының мәнін енді білгендейміз. Соны ашықтайық.

 

Шыбын жан – өлген кезде бойдан шығатын жан дегенді білдіретін жалпы ұғым, яғни адам тәнін тастап шыққан кездегі жанның күйі деп ойлап келгенбіз осы уақытқа дейін. Алайда олай емес екен. Бұл жерде шыбынның салмағы мен жанның салмағын өлшеуге тырысқан зерттеулер арасындағы байланыс бар екен.

 

Қалай жанның салмағы болуы мүмкін деп ойлаған шығарсыз.

 

Оған себеп Құранда:«(Ей,Мұхаммед,) сенен (адамдар) жан туралы сұрайды. (Оларға) Айт: «Жан тек Раббымның ісі (оның мән-жайын тек өзі біледі). Сендерге (ол жайлы өте) аз ілім  (мәлімет) берілген», – де». (Исра-85)

 

Дегенмен жанның салмағын өлшеуге тырысқан ғалымдар да жоқ емес.

 

Мысалы, өткен ғасырларда болған жаңалықтарға зер салайық: Ең алғаш ғылыми қауымдастыққа жан салмағы бар-ау деген тұжырымды АҚШ дәрігері Дункан Макдугалл 20 ғасыр басында ұсынған екен.

 

Одан кейін сол Еуропа елдерінде бұл зерттеу үрдісі жай қарқын ала бастады. Литва, Швеция және Жапония сынды елдердің ғалымдары осы жаңалыққа мән бере бастады.

 

Бұл зерттеулердің барлығының қорытындысы бойынша қылдың салмағын өлшей алатын супертаразы арқылы адам өлер алдын салмағын өлшеп, кейін өлгеннен кейін тағы қайталап өлшеген. «Жанының» салмағы 21 мг дейін, орта есеппен санағанда «12-16 мг аралығында болады» деген екен.

 

Енді биологтар мен зоологтардың ақпаратына, тіпті интернет бетіне шыбын салмағы деп жазсаңыз, тура осы 12-16 мг деген ақпар айна-қатесіз шығады.

 

Тағы бір айта кететін зат, шыбын бар-жоғы бес күн өмір сүреді екен. Соған байланысты мына жалғанды бес күн тірлік десек керек.

 

 

Кazislam.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста