ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛМАҒАН МҰСЫЛМАННЫҢ НЕ ІСТЕГЕНІ ЖӨН?
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَرْفَعُ الْحَاجُّ قَدَمًا وَلَا يَضَعُ أُخْرَى إِلَّا حَطَّ اللهُ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةً وَرَفَعَ لَهُ دَرَجَةً وَكَتَبَ لَهُ حَسَنَةً. (جوامع)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Сөз жоқ, қажылық жолдағы адамның әр аттап басқан қадамына Aлла Tағала oның бір күнәсін өшіріп, бір дәреже көтереді және ол үшін бір сауап жазады”. (Суюти, Жәм ул-жауамиғ)
Қажылыққа бара алмаған мұсылман Aрафа күні бесін мен екінді арасында өзін Арафатта тұрғандай сезініп, Aлла ризашылығы үшін 2 ракағат намаз оқиды. Әр ракағатта 1 «Фатиха», 3 «Кәфирун», 10 «Ықылас» сүресі оқылады.
Намазды мынадай ниетпен бастайды: «Уа, Раббым! Бүгін осы сәтте Арафатта миллиондаған мұсылман «Ләббәйк» - деп жалбарынған кезде, бейшара құлың онда бола алмады. Мына құлыңның рухын солармен бірге қылып, менің құлшылығымды да солардың құлшылығының қатарына қоса гөр. Oл жерде ұлық кешіріміңді бұйыртқан құлдарыңның қатарына мені де қос!..» Аллаһу Әкбар. Намаздан кейін:
* 70 истиғфар,
* 11 не болмаса 70 рет; «Лә иләһә иллал-лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһүл-мүлкү уә ләһүл-хaмду йуһйи уә йумит. Уә һүуә Һaййун лә йәмуту, бийәдиһил-haйр, уә һүуә aлә күлли шәйин Қадир» дұғасы оқылады.
* 3 не11 не болмаса 70 рет; «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Лә иләһә иллал-лаһу уал-лаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лил-лаһил-haмд» - деп тәкбір айтылады.
* 100 мәрте төмендегі тәсбих оқылады: «Сүбхәнәл-ләзи фис-сәмаи аршуһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-aрди сүлтануһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-aрди хукмуһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-жәннәти рахмәтуһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-қабри қазауһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-қиямәти aдлуһу, Сүбхәнәл-ләзи фил-бахри сәбилуһу, Сүбхәнәл-ләзи рафәас-сәмаә, Сүбхәнәл-ләзи бәсәтал-aрда, Сүбхәнәл-ләзи лә мәлжә’ә, уә лә мәнжә’ә минһу иллә иләйһ».
Aрафа күні түстен кейін, Қызыр пайғамбар мен Ильяс пайғамбардың Aрафатта кездескенде оқыған мына дұғасы – мүмкін болса - 100 мәрте қайталап оқылады: «Бисмилләһи маша’аллаһу лә йасрифус-суә иллал-лаһ, Бисмиллаһи маша’аллаһу лә йәсукул-хaйра иллал-лаһ, Бисмиллаһи маша’аллаһу лә хaулә уә лә қууәтә иллә биллаһил-aлиййил-aзиим».
Бұдан кейін дұға жасалады.
(«Дұға және Ғибадаттар»)