Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да ша­лы­на­тын құр­бан­ды не деп атайды?

Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да ша­лы­на­тын құр­бан­ды не деп атайды?

Алла Та­ға­ла­ның ри­за­лы­ғы үшін не­ме­се қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да­ғы бір кем­ші­лік­ке байла­ныс­ты не­ме­се их­рам­ның тыйым­да­ры­ның біреуін бұ­зу сал­да­ры­нан жа­за (кәф­фа­рат) ре­тін­де Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­ну шар­ты­мен алы­нып кел­ген не­ме­се ақ­ша­сы жі­бе­ріл­ген құр­бан­ға һә­ди де­лі­не­ді.

Алла Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: «Егер (ауру-сыр­қау, жол қауіп­сіз­ді­гі сияқ­ты бө­гет­тер­ден) аман­шы­лық­та бол­саң­дар, қа­жы­лық­қа дейін ум­ра­ны орын­да­ған кі­сі жағ­дайына қа­рай құр­бан шал­сын»,[1] – деп, һә­ди құр­ба­нын ша­лу­ды та­лап ете­ді.

Тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар­дың ум­ра­мен бір­ге қа­жы­лық­ты да орын­да­ған­да­ры үшін шү­кір ре­тін­де құр­бан ша­лу­ла­ры – уә­жіп.

Иф­рад қа­жы­лы­ғы не­ме­се тек қа­на ум­ра ғи­ба­да­тын орын­да­ған­дар­ға кәф­фа­рат құр­ба­ны­нан тыс құр­бан ша­лу­ла­ры уә­жіп емес. Бі­рақ нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры­на бо­ла­ды.

 

Һә­ди құр­бан­да­ры екі­ге бө­лі­не­ді: уә­жіп жә­не нә­піл
а) Нә­піл құр­бан

Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың мойын­да­ры­на уә­жіп бол­ма­са да, сауап үшін ша­ла­тын құр­ба­ны­на «нә­піл құр­бан» де­лі­не­ді. Тек қа­на Иф­рад қа­жы­лы­ғын не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры – мұс­та­хап.

 

б) Уә­жіп құр­бан

Тә­мат­туғ жә­не қи­ран һә­диі – Тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар­дың бір жыл­да қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­да­ры үшін шү­кір ре­тін­де ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
2. Жа­за һә­диі – Қа­жы­лық жә­не ум­ра­ның уә­жіп­те­рі­нің біреуі­нің орын­дал­май қа­луы не­ме­се бел­гі­лен­ген уақы­тын­да орын­дал­мауы, их­рам жә­не Ха­рам аума­ғы­ның тыйым­да­рын бұ­зу сал­да­ры­нан кәф­фа­рат ре­тін­де ша­лы­на­тын уә­жіп құр­бан.
3. Их­сар һә­диі – Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра­ға ниет етіп, их­рам­ға кір­ген­нен кейін әр түр­лі бө­гет­тер­ге байла­ныс­ты Қағ­ба­ны тауап жә­не Ара­фат­та уақ­фа жа­сай ал­май­тын адам­дар­дың их­рам­нан шы­ғу үшін ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
4. Нә­зір һә­диі – Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­нуы үшін сөз бе­ріл­ген уә­жіп құр­бан.

Һә­ди құр­ба­ны­ның ша­лы­на­тын ор­ны мен уақы­ты

Нә­піл бол­сын, уә­жіп бол­сын бар­лық һә­ди құр­бан­да­ры Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­на­ды. Құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні­нің ақ­ша­мы­на дейін ша­лы­на­тын құр­бан­дар­дың – Ми­на­да, бас­қа күн­дер­де ша­лы­на­тын құр­бан­дар­дың – Мек­ке­де ша­лы­нуы аб­зал.

Имам Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, тә­мат­туғ жә­не қи­ран құр­бан­да­ры­ның құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға дейін ша­лы­нуы – уә­жіп, ал Имам Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, сүн­нет. Имам Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, үзір се­беп­те­рі­нен тыс осы күн­дер­де ша­лын­бай қал­ған тә­мат­туғ жә­не қи­ран құр­бан­да­ры­ның ор­ны­на кейін бас­қа уа­қыт­та екі құр­бан ша­лы­на­ды. Біреуі қа­за ре­тін­де, ал, екін­ші­сі жа­за ре­тін­де.

Тә­мат­туғ, қи­ран жә­не нә­піл құр­бан­да­ры­ның еті­нен бар­лық адам­дар­дың жеуле­рі­не бо­ла­ды. Ал жа­за жә­не их­сар, нә­зір құр­бан­да­ры­ның еті­нен тек қа­на ке­дей­лер жейді. Иеле­рі­не жә­не өзі­нің қол ас­тын­да­ғы қа­рауға мін­дет­ті адам­да­ры­на, жал­пы бай­лар­ға жеуге бол­майды.

 

Құр­бан ша­лу­ға жағ­дайы кел­мей­тін­дер не іс­тейді?

Тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар мойын­да­ры­на уә­жіп бол­ған шү­кір құр­ба­нын ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік­те­рі бол­ма­ған жағ­дайда 10 күн ора­за ұс­тайды. Он күн­нің үш кү­ні қа­жы­лық уақы­тын­да, же­ті кү­ні қа­жы­лық айла­ры­нан кейін. Қа­жы­лық айла­рын­да ұс­та­ла­тын үш күн ора­за их­рам­ға кір­ген­нен кейін құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні­не дейін ұс­та­луы тиіс. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да бұл үш күн­ді ум­ра их­ра­мы­нан кейін, қа­жы­лық их­ра­мы­на кір­мес бұ­рын ұс­тауға бо­ла­ды.

Үш күн ора­за ұс­та­ған­нан кейін, их­рам­нан (шаш ал­ды­рып яки қыс­қар­тып) шық­пай тұ­рып, құр­бан ша­лу күн­де­рін­де уә­жіп құр­бан­ды ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік туып жат­са, мін­дет­ті түр­де құр­бан ша­ла­ды. Егер құр­бан ша­лу күн­де­рі­нен кейін құр­бан ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік туып жат­са, құр­бан ша­лу шарт емес.

Құр­бан­ның ор­ны­на ұс­та­ла­тын қа­жы­лық­та­ғы үш күн­ді, қа­жы­лық­тан кейін ұс­та­ла­тын же­ті күн ора­за­ны ара­ла­ры­на күн сал­май бі­рі­нен кейін бі­рін ұс­тау – аб­зал. Бі­рақ ара­ла­ры­на күн са­лып, үзіп-үзіп ұс­тауға да бо­ла­ды. Қа­жы­лық айла­ры­нан кейін ұс­та­ла­тын же­ті күн­ді Мек­ке­де ұс­тауға бо­ла­ды. Бі­рақ отан­да­ры­на кайт­қан­нан кейін ұс­тау – аб­зал. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста