Қиямет күні адамзатқа тек Мұғаммед пайғамбар (с.ғ.с) ғана шапағатшы болады

Қиямет күні адамзатқа тек Мұғаммед пайғамбар (с.ғ.с) ғана шапағатшы болады

Қиямет күні келіп, ақырғы сағаттар соққан уақытта Ұлы Жаратушының әмірімен күллі адамзат махшар алаңына жиналады. Сол күнгі қиындықтарға шыдай алмаған адамдар өздеріне шапағат жасай алатын ерекше біреуді іздейді. Жиналып ақылдаса келе:

– Бәріміздің атамыз болған, Ұлы Алла үрлеп жан берген, періштелерге сәжде еткізген, жұмағына кіргізген Адам атаға (ғ.с.) барайық, содан жәрдем тілейік, – дейді. Сұрастыра келіп Адамның (ғ.с.) отырған жерін табады. Барып жағдайды баяндайды. Бірақ Адам ата (ғ.с.) Алладан өзінің де кешірім тілеуде екенін айтып: «Ең дұрысы, сендер Нұхқа (ғ.с.) жолығыңдар», – дейді.
Адамдар терең шүкіршілігімен танылған Нұх пайғамбарды тауып алып, демеу сұрайды. Бірақ Нұх пайғамбар  да көмектесе алмайтынын жеткізіп, оларды Ибраһим пайғамбарға (ғ.с.) сілтейді.
Адамдар Алланың досы болған Ибраһим пайғамбарға (ғ.с.) мүшкіл халдерінен хабардар етеді. Бірақ хазірет Ибраһим (ғ.с.) де өзінен қайран жоқтығын түсіндіреді. «Мұсаға (ғ.с.) жолығып көріңдер», – деп, оларды Мұса пайғамбарға жібереді.
Жұрт дегбірсізденіп, Алламен тілдесу бақытына ие болған Мұса пайғамбарға жетеді. Бірақ хазірет Мұса (ғ.с.) да алдыңғылардың жауабын қайталап, халықты Құдайдың құдіретімен ерекше жаратылған, мұғжизасымен өлілерді тірілтіп, науқастарды емдеген Иса пайғамбарға (ғ.с.) жол көрсетеді.
Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілгелі тұрған қиын шақта Иса пайғамбар да қол ұшын беруге дәрменсіз күйге түседі. Бірақ ең дұрыс жолды нұсқап, Нәбилер сұлтаны Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) бағыттайды. Қаншама пайғамбарлардың алдынан қайтқан жұрт соңғы үмітпен ақырғы елшіге жетеді.
– Уа, Алланың ақырғы елшісі, – дейді сонда махшар халқы, – сенің өткен-кеткен барлық қателіктеріңді Жаратушы алдын-ала кешіргені мәлім, бізге дұға етші? Мына жан төзгісіз азаптан Алла бізді құтқарса екен!
Міне осы кезде адамзаттың ардақтысы хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.)орнынан тұрып, Аршыға қарай жүреді. Зор махаббатпен сәждеге барады. Раббының барлық сипаттарын тізеді, Оған мадақ айтып, үмбеті үшін кешірім тілеп, көп дұға етеді. Сонда Ұлы Жаратушы оған:
– Ей, Мұхаммед, басыңды көтер. Бүгін сенің қалауыңды орындаймын. Шапағат ет, шапағатың қабыл болады, – дейді.
Осылайша сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с.) үмбетіне шапағат етеді.  

muslim.kz

(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста