Қиямет күні туралы құранда не айтылған

Қиямет күні туралы құранда не айтылған

Әбу Бәкір Уасити былай айтқан: «Үш байлық бар. Олар: осы дүниедегі байлық, өлер сәтіндегі байлық және Қиямет күнгі байлық. Аллаға құлшылық ету бұл дүние байлығы болып табылады. Өлер кездегі байлық — шәһәдәт (куәлік) айтып жанның тәннен шығуы. Алайда нағыз байлық — Қиямет күнгі қуаныш байлығы. Иман келтірген жан қабірінен шыққан кезде, оны Жұмақпен қуантатын қуаныш хабаршысының келуі».

Яхья бин Мұғаздың жиынында Құранның келесі аяттары оқылғандығы келтірілген: «Сол күні, тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түрінде жинаймыз. Күнәкарларды шөлдеген түрде Тозаққа айдаймыз» (19:85-86).

Яхья бин Мұғаз былай айтқан: «Әй, адамдар, ертең қабірлеріңнен тіріліп тұрып, бір-бірлеп Алланың алдына келесіңдер. Жасаған амалдарың үшін жауап бересіңдер. Түйеге отырған әулиелер (Алланың достары) Алланың мейіріміне қарай беттесе, ал күнәһарлар болса жаяу-жалпылап Алланың азабына қарай беттейтін болады. Олар топтарға бөлініп, Тозаққа кіргізіледі».

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте, Раббың елестеп, періштелер сап сап болған кезде» (89:21-22).

Уа, менің бауырларым, Қиямет күнінің ұзақтығы бірінші сүр үрленген соң елу жыл. Қиямет күні - қайғы мен өкініштер күні. Бұл күн — ұлы күн. Бұл күні барлық адамзат баласы барлық әлемдердің Раббысы Алланың алдына келтіріледі. Осы күні мына сөздер жиі естілетін болады: «Неге ғана мен игі амалдар жасамадым екен?». Бұл есеп беру күні, Таразыға салу күні, Сот күні, Солқылдау күні әрі бұл күні адамдар сенбегенді көрсететін күн.

Алла Тағала Құранда былай ескерткен: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар» (3:105).

«Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларга жәрдем етілмейді» (44:41).

«Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді, әрі оларға көмек те етілмейді» (52:46).

«Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар» (31:33).

«Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады» (76:7).

«Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты» (22:2).

Мукатил бин Сүлеймен былай айтқан: «Қиямет күні адамдар жүз жыл бойы ауыздарына дейін жететін терлеріне батып тұратын болады. Сондай-ақ, жүз жыл аласұрған күйде болады».

Тағы да былай айтылған болатын: «Шындығында, Қайта тірілу күнінің ұзақтығы елу мың жылды құрайды, бірақ нағыз иман келтіргендер үшін бұл күн бір сағаттай болып өте шығады. Әй, ақыл иесі, Қиямет күнінің зұлымдығы мен қаталдығы сіз үшін жеңіл болсын десеңіз, осы дүниеде барлық күш-жігеріңізді салып құлшылық жасауға тырысыңыз».

"Танбихул ғафилин" кітабынан аударған Ақерке СЫДЫҚОВА

mazhab.kz


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста