Қияметте хиджаб әйелді азап отынан сақтамайды - Сарыәулие Қажы
Әлеуметтік желіде Сарыәулиенің хиджаб тақырыбына қатысты пікірін оқырмандар қолдап шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, әйелді хиджаб тозақ отынан сақтамайды, сондықтан әуретті жерін (нәпсі туындататын жерін) жапса болды дейді.
Бұл туралы Сарыәулие Қажы фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Қияметте жабық хиджаб (қымталған киім) әйелді азап отынан сақтамайды. Ең асыл хиджаб - әйелдің ұяты мен оның шынайы сыпайылығы!
Әйел жаратылысы әуретін (нәпсі туындататын жерін) бөтен ерден жауып, намысын қорғап жүруге тиісті. Бұл инабаттылық!
Бірақ,, заманымызда қымтанып жүрген әйелдердің де оқсатып жүргендері шамалы. Аллаһ табарак уа тағала, инша-Аллаһ, әр әйелдің шынайы ниеті мен нақты инаби амалын есепке алады", деп жазды ол.
"Ал, мына хиджапқа жабысып отырған пенделер, тыңдаңдар. Сары. Əулие аитып отырғанқ жүрген , ислам дүниесін толық білетін, дарынды емші аитып отыр демек сөзіне күмəн келтіруг е болмаиды ". Ең асыл хиджап - ол əиелдің уяты мен сыпаиылығы , иманы мен əдептілігі ". Өте дурыс аитылған сөздер", "Хиджап киген әйіл ме еркек пе кім біледі", деп қолдау білдірді оқырмандар.