ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі педофилдікке қатысты пәтуа шығарды

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі педофилдікке қатысты пәтуа шығарды

Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің ІX отырысында қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі педофилияға қатысты пәтуа шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бұзақылық пен арсыздыққа Алла Тағала қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында мынадай аяттар бар:

«Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен тең. Ал кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең», «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бұзақылық жасамаңдар», «Алла бұзақылық етушілерді сүймейді».

ҚМДБ баспасөз қызметі атап өткендей, қазіргі қоғамымызда кездесіп жатқан балиғат жасына жетпеген сәби балаларымызды торуылдап қолға түсіріп, артынша жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу, яғни педофилдік осы аяттар ұғымындағы бұзақылық, арсыздық ұғымына кіреді.

Құран Кәрім аяттарына түсініктеме берумен танылған әйгілі табиғин Мужаһид «жер бетінде бұзақылық жасаушыларға» былай деп түсініктеме береді:

«Бұзақылық: ол зина жасау, ұрлық жасау, адамдарды өлтіру, ұрпақ пен егістік жерлерді ойран ету, құрту». Бұл сорақы қылмыстың мынадай зардаптары бар:

1. Бұл әрекет баланың еркінен тыс, әрі қорқынышты іс болғандықтан баланың дұрыс жетілуіне үлкен кедергі тудырады. Бәлки өмір бойы құтыла алмайтын жыныстық ауруларға душар болуы әбден мүмкін.

2. Баланың психикасына әсер етеді. Бала өмір-бақилық психилогиялық дертке шалдығу әбден мүмкін.

3. Жанұяның беделіне, абыройына үлкен нұқсан келтіреді.

4. Келер ұрпақтың болашағына балта шабады.

Ал егер мұндай қылмысқа барған қылмыскер құрбандығын өлтіретін болса, сорақылығы және жазасы арта түседі.

Ал шариғи жазасына тоқталатын болсақ, адамзат баласының жаратылысына қайшы әрі ауыр қылмыс болғандықтан жазасы да өте ауыр», – делінген пәтуада.

Естеріңізге сала кетейік, Ғұламалар Кеңесінің VIII отырысына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Маңғыстау облысының бас имамы Смайыл Сейітбеков, Имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры Кенжеәлі Мырзабаев, теолог-ғалымдар, ғылым докторлары – Шәмшидин Керім, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбай, Мұхан Исахан, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы қатысуда.
Барлық құқығы қорғалған.
BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста