Қоғамдық орындарда орамал тағудың тәртіптері

Қоғамдық орындарда орамал тағудың тәртіптері

 Қоғамда әйелдердің және оқушы қыздардың орамал тағу мәселесі Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жиын Түріксіб ауданының әкімдігінде өтті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері орамал тағатын оқушылардың ата-аналарымен жеке-жеке жүздесті. Прокуратура, әкімдік, психолог, заңгер, құқық қорғау органдары теолог қатысқан жиын «Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғамның ара қатынасы. Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие сабақтастығы» деген тақырыптарды қамтыды.

Бұл жиынның бір ерекшелігі, бұған дейін орамал таққан оқушылардың ата-аналарымен жалпылай жиын өтетін болса, бұл жолы әр ата-анамен жеке сұхбат жүргізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Құдайберді Бағашаров «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы14 қаңтардағы №26 орта білім беретін оқу орындарындағы мектеп формасы туралы бұйрығын», Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін» келушілерге түсіндірді Ата-аналар да өз кезегінде уәждерін айтып, өз наразылықтарында білдіріп жатты. Дегенмен бұған дейін де мектеп директорлары мектеп қабырғасында орамал тағатын оқушы қыздардың ата-аналарымен жұмыс жүргізгендігі, мектептерде оқушылардың орамал тағуына рұқсат етілмейтінін жақсы білетіндері аңғарылды. Жиналған мамандар жұмысының нәтижесінде кейбір ата-аналар қыздарына орамалдарын шешкізетіндерін енді біреулері өз ұстанымдарынан қайтпайтындарында айтты.

Мамандар Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың киім кию үлгісі Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидаларымен, білім беру ұйымының Жарғысымен, сондай-ақ орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттелетінін айтты. Олардың айтуынша, орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. «Мектеп формасының түсі классикалық стильде, мектеп формасы қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Атап айтқанда, қазіргі талаптар бойынша ұлдардың мектеп формасына «пиджак», «жилет», шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: «трикотаж жилет», «водолазка») кіреді. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін пішімде тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ал қыздардың мектеп формасына «пиджак», «жилет», белдемше, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: «трикотаж жилет», «сарафан», «водолазка») кіреді. Қыздарға арналған шалбарлар да еркін пішімде тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», - деді дінтанушы маман. Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтті.

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста