Қонақжай отбасы

Қонақжай отбасы

Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қонақжайлылығымен, жомарттығымен де ерекшеленетін. Ол кісіге қонақтар өте көп келетін. Бірде алыстан келген қонаққа арнап, ас дайындауды бұйырады.

Әйелдері түскі асқа үйде ештеңе қалмағанын жеткізеді.

Пайғамбар қасындағы сахабаларынан:

- Кім менің қонағымды тойғызады? - деп сұрайды.

Әбу Талха есімді сахаба:

- Мен тойғызамын. Сіздің қонағынызбен асымызды бөлісу біз үшін үлкен құрмет, - дейді. Ол үйіне шаттанып жетеді де әйеліне:

- Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізден қонағын күтіп беруімізді өтінді, - дейді. Әйелі:

- Бұл шын мәнінде үлкен қуаныш. Дегенмен, үйде балаларға қалдырған азын - аулақ тамақтан басқа түк жоқ, - деді қинала.

- Сен қонақ күтудің қандай игілікті іс екенін білесің ғой. Балаларды ертерек ұйқтатып тастай аласыңба - деп сұрайды Әбу Талха. Әйелі бұл ойға қуана келіседі. Балаларын ертегі айтып, кешкі ассыз ұйықтатып тастайды. Сонан соң тамақты дайындап болып, еріне:

- Тамақ бір адамға әрең жетерліктей. Ал қонақ біздің де жеуімізді бұйырады. Біз қосылсақ, ол аш қалады. Не істейміз?

- Онда былай етейік, - дейді Әбу Талха - Сен асты алдымызға қойған соң шамды байқамағансып сөндіре салайық. Содан соң екеуміз де табаққа қолымызлы апарып, ауызымызға әкеліп, жеп отырғандай болайық. Сонда қонақ бәріміз де жеп отырмыз деп ойлайды.

Әбу Талха мен әйелі өздерінің, балаларының аш қалатынын ойламастан, тек қана ашыққан адамды тойғызуға тырысады. Ертеңіне қонақ қатты риза болып аттанады.

Бұл оқиғаны ешкім білмес те еді, Пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла тарапынан уахи келді. Онда былай делінген:

“Олар Алла Елшісін және өздеріне босып келгендерді өздерінен де артық көреді. Өздері таршылық көре тұра, оларға берген нәрселері жайында көңілдерінде күмән болмайды. Сарандық жасаудан аулақ болғандар игілікке бөленеді” (Хашыр 59 - 9)

Расулуллаһ мұны білгенде қатты қуанып, сахабаларға айтып береді. Осы оқиғадан соң Алла Тағала Әбу Талханың отбасының мерейін мәңгілікке биіктетті.

Пернегүл Үсенова 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста