Құран аяттарының мағынасын білесіз бе?

Құран аяттарының мағынасын білесіз бе?

«ФАТИХА» СҮРЕСІ 

Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим 

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»

Мағынасы:

Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын рахман һәм рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.

1.Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы – Аллаһқа тән.

2.Ол рахман һәм рахымды.

3.Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.

4.Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 

5. Бізді тура жолға сал. 

6.Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшы­ра­ғандар мен тура жолдан тайған, адасу­шы­лардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылық­та­рыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құл­да­рың­ның жолымен жүргіз.

 

«АСР» СҮРЕСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр»

Мағынасы:

1.Заманаға ант етемін.

2.Бүкіл адам баласы зиянда.

3.Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа.

 

«КӘУСӘР» СҮРЕСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Иннәә ә’тайнакәл кәусәр, фасалли лираббика уәнхар, инна шәниәкә һуәл әбтәр»

Мағынасы:

1.Расында, Біз саған кәусарды бердік.

2.Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.

3.Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.

 

«ЫҚЫЛАС» СҮРЕСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахим

«Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад».

Мағынасы:

1.Былай де: Аллаһ – жалғыз.

2.Аллаһ –  Самад (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес). 

3.Ол тумады да туылмаған. 

4.Оған тең келер еш нәрсе жоқ (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті жалғыз ұлы Жаратушы).

 

«ФАЛАҚ» СҮРЕСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул ә’узу бираббил-фәлақ, мин шәрри мәә халақ, уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа мин шаррин-нәффәәсәәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад».

Мағынасы:

1.Таңның Раббысына сиынамын. 

2.Жаратқан нәрселердің кесірінен.

3.Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.

4.Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен. 

5.Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, –  деп айт.

 

«НАС» СҮРЕСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул ә’узу бирраббин-нәәс, мәликин-нәәс, иләәһин-нәәс, мин шәррил-уәсуәәсил-ханнәс, әлләзи иуасуису фи судуурин-нәәс, минәл-жиннәти уәннәәс».

Мағынасы:

1.Адамдардың Раббысына, 

2.Адамдардың  жалғыз Иесіне, 

3.Адамдардың Құдайына сиынамын. 

4.Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.

5.Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады. 

6.Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.

 

АЯТУЛ-КҮРСІ

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’у ’индаһу иллә би-изниһ, иа’ламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ’илмиһи илләә бимәә шәә, уаси’а курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-’Алиюл-’Азиим».

Мағынасы: 

Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Хай (әрқашан бар һәм тірі) Һәм Қайюм (барлық жаратылысты  басқарушы). Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соған тән. Оның құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол жаратқан болмыс­та­рының алды мен артының бәрін түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімінен еш нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді қамтиды. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Ол – аса ұлы һәм өте жоғары. (Бақара/255)

Ескерту: 

Құран Кәрімді түпнұсқасынан (арабшасынан) оқи алмайтындар үшін, жаттауға оңай болуы үшін сүре және дұғаларды кирилл әріптерімен беріп отырмыз. Бірақ сүре және дұғаларды кирилл әріптерімен дұрыс оқу мүмкін емес. Сондықтан жаттағаннан кейін оны жақсы білетін кісінің аузынан тыңдап, қателерін жөндеп алу керек. Намаз сүрелерін мағынасы өзгеріп кететіндей қате оқу, намаздың бұзылуына әкеп соқтырады. Сол себепті сүрелер мен дұғаларды дұрыс жаттауға мән беру керек. Міндетті түрде білетін кісіге тексертіп, қателерін түзету керек.  

Дұрыс оқылмаған кезде Құран Кәрімнің ма­ғы­насы өзгеріп, күпірге себеп болатын мағыналар шығатын жағдайлар өте көп. Кейбір араб әріптері кириллл әліпбиінде жоқ. Арабшада үш түрлі «С», үш түрлі «З» әріпі бар. Біреуі қалың «Зы», екін­шісі жіңішке оқылатын «Зә», үшіншісі (пәлтек) «Зәл». Бұлардың үшеуі де үш түрлі оқылады. Руку тәсбихінде «Зы» әріпімен «азыйм» деп қа­лың оқылады, бұл «Раббым ұлық» деген ма­ғы­наны білдіреді. Ал егерде «Зә» әріпімен оқылса, яғ­ни «әзим» деп оқылса, «раббым – менің дұш­паным» деген мағынаға келеді. Құран Кә­рімді кириллл әріптерімен үйреніп оқыған адам бұл үш түрлі әріптерді ажырата алмаған­дық­тан, намазы сахих болмайды. 

Сондықтан әрбір мұсылман міндетті түрде сүрелерді, дұғаларды, дұрыс оқуды білетін біреуден үйренуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста