ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ

ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ

Алла Тағала адамның рухани күш-қуатын көрсету үшін Ыбырайымды сынаққа алды. Ондағы мақсат адамның ерлігін көрсетіп, періштелерге мақтау екен. Бір күні Алла оған аян беріп: «Жалғыз ұлыңды құрбандыққа шал!» – деп бұйырды.
– Құдайдың қалауы солай болса, ризамын, – деп, іштей бекінген Ыбырайым пайғамбар ұлын киіндіріп, тауға қарай жол тартыпты.
– Әке, біз қайда барамыз? – деді ұлы.
– Досыма қонаққа барамыз, – деді әкесі.
– Олай болса, пышақ пен жіптің не қажеті бар?
– Қайтарда қой сойып әкелеміз.
Осы кезде шайтан келіп, Смағұлды азғырды.
– Әкең өтірік айтады. Сені Алла жолына құрбандыққа шалмақшы, – деді. Смағұл:
– Алла үшін шыбын жаным садаға, – деп, Ібіліс шайтанды қуып жіберді. Ібіліс енді Ажарды айналдырды. Анасы да: «Алла үшін мың ұлым болса да, құрбан етер едім», – деп жауап берді. Ібіліс отбасына алауыздық ете алмай, шарасыз қалды. Құрбан шалатын жерге жеткенде, Ыбырайым ұлына қарап жылай берді. Ұлы:
– Әке, не үшін жылап отырсыз? – деп сұрады.
– Ұлым, мен сені қазір құрбандыққа шалам. Алланың қалауы солай болды, – деп жылап жіберді.
– Олай болса, «еркек тоқты – құрбандық» деген. Алланың бұйрығына мен де ризамын. Тек өтінерім: анам мені жоқтап жыламасын. Сабыр етсін. Бауыздар кезде менің көзіме қарамаңыз. Әкелік мейіріміңіз оянып, Алланың үкімін орындай алмай ұятқа қаларсыз, – деді. Оның сөзін естіген барлық періштелер егіліп қоса жылады. Сол кезде ұлық Алла періштелерге:
– Қараңдар, менің қандай адал құлдарым бар. Сендер әлімсақта «Адамды жаратпа. Олар қан төгіп, қиянаттан басқаны білмейді» деп арыз айтып едіңдер. Енді қараңдар мына ерлікке! – деп мақтанады. Періштелер бастары салбырап, жерге қарады.
Ыбырайым пышағын алып, Смағұлдың тамағынан орып жіберді. Бірақ пышақ өтпеді. Ол екінші рет қайта тартты. Өтпеді. Үшінші рет бар күшімен бауыздады. Алмас пышақ жұмсақ теріні кесе алмады. Пайғамбар ызаланып, пышақпен тасты ұрғанда, өткір кездік қара тасты қақ айырды. Сол кезде Жебірейіл періште пейіштен көк қошқар алып:
-Аллаһу акбар, аллаһу акбар, лә иллаһа иллалла. Аллаһу акбар, аллаһу акбар уәлиллаһил-хамд, – деп тәкбір айтып түсті. Бұл «Алла Ұлы, Алла Ұлы, Алладан басқа тәңір жоқ. Алла Ұлы, Оған мақтау-мадақ болсын» деген мағынаны білдіреді. Періште:
– Ей, Ыбырайым, сынақтан сүрінбей өттің. Алла сенің адалдығыңа риза болды. Ұлың аман қалды. Оның орнына мына көк қошқарды құрбандыққа шал, – деді. Содан бастап құрбан айтта құрбандық шалу мұсылмандарға парыз болыпты. Ұлының аман қалғанына шүкірлік етіп, Ыбырайым той жасайды. Той үш күнге созылыпты. Ыбырайымның қауымындағы барлық үй бір-бір қойдан сойып, Жаратушыға шүкірлік айтып қуаныпты. Бір-бірімен құшақ айқастырып көрісіпті. Ел-жұрттың пейіліне риза болған Құдай бәрінің күнәсін кешкен екен.
Ыбырайымның тойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, үлкен мерекеге айналады. Мұсылмандар жыл сайын құрбан айтта мал сойып, үш күн айттайды. «Айтта көрісіп, араз адамдар бір-бірін кешірсе, Құдай олардың да күнәсін кешеді» деген сенім бар.

«ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ» кітаптарынан.

P.s. Биыл 10 тамыз - Арапа күні. Арапа – зул-хижжа айының тоғызыншы күні әрі қасиетті Құрбан айт мейрамының алдындағы күн. «Арапа» сөзі «танысу», «білу» деген мағынаны береді. Яғни бағзы заманда Меккеден 20 шақырымдай жердегі Арапат жазығында адамзаттың атасы Адам ата мен Хауа анамыз табысқан. Бұл күні қажылық рәсімнің ең басты шарты – Аллаға ғибадат етілетін қасиетті орын саналатын Арапат жазығында тұру парызы атқарылады. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қажылық дегеніміз – Арапат. Кімде-кім Арапатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», - деген. (Әбу Дәуд, Тирмизи). Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін Арапа күні ауыз бекіту – жағымды амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кешірім болады...» делінген.
2019 жылы Құрбан айт 11, 12, 13 тамыз күндері. Жабир есімді сахабаның айтуынша Мұхаммед (с.ғ.с.) жағдайы жоқ адамдардың атынан да құрбандық шалған. «Хазірет Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге мешітте едім. Құтпасын бітіріп мінберден түсті. Содан соң құрбандық қошқарды өз қолымен бауыздады. Бауыздап жатқанда: «Бисмиллаһи, Аллаһу акбар! Бұл менің атымнан және үмметімнен құрбан шалуға шамасы жетпегендердің атынан», - деді». Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Құрметті жерлестер! Ұстаған ораза, амал ниеттеріңіз қабыл болсын. Шалынатын құрбандықты Алла Тағала Сізден де, бізден де қабыл қылғай. Айттап барған үйіңізге сыйлыққа бір-екі кітап апарсаңыз - қарныңыз да тоқ, рухани бай, үй иесі мен балалары да разы болады.

Айшуақ Дәрменұлы

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста