ҚҰРБАНДЫҚТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕТІН САҚТАУ
Дені сау екені анықталған мал алу керек. Малды бауыздағанда, терісін сыпырғанда, жіліктегенде, етін тасығанда, сақтағанда және пісіргенде тазалыққа өте-мөте мұқият болу қажет, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Ішек-қарны мен етін араластырып қоймау керек.
Салқын жерде бауыздап, терісін сыпырып, бөлшектеу керек; қан, ішек, т.б. нәрселерді қалай болса солай лақтыруға, ағын суға тастауға болмайды.
Eтті сойылған жылы күйінде тоңазытқышқа, пакетке немесе ауа кірмейтіндей үлкен кесегімен бір-бірінің үстіне жиып қоймау керек. Eт салқындаған соң тоңазытқышқа салып 12 сағат күту қажет. Бірден жемейтін етті сөйтіп қойған соң, қажетті мөлшерде мұздатқышқа салып немесе қуырып сақтаған жөн.
Eт тоңазытқышта 2-3 күн, қима болса, 1 күн шыдайды. Eгер одан көп уақыт сақталатын болса, шағын пакеттермен тоңазытқыштың мұздатқышында ұстау керек.
Тоңазытылған еттің еруі үшін тоңазытқыштың төменгі сөрелеріне қойған дұрыс, пештің, ошақтың үстіне немесе бөлме температурасында ұстамаған жөн.
Піскен етті жылылай мұздатқышқа салмау керек, бөлме температурасында 2 сағаттан көп ұстамаған дұрыс.
Шикі етті пісірерден бұрын не кейін қолды жақсылап жуып, құрғата сүрту қажет. Шикі етке арналған пышақ пен тақтайшаны жеміс, көкөніс үшін қолданбау керек.