Рамазан айында қандай адамдардың тілегі қабыл болмайды?

Рамазан айында қандай адамдардың тілегі қабыл болмайды?

Рамазан айында 4 санаттағы адамның күнәсі кешірілмейді. Бұл туралы бүгін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуына арналған Астана – Бішкек – Баку – Минск мультимедиялық бейнкекөпірі кезінде «Нұр Астана» мешітінің имамы Дәурен Мүслімов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Биыл қасиетті Рамазан айы 27 мамырда басталады. Адамды сабырлық пен ізгілікке, кешірімділікке үйрететін айдың берері мол. Бұл ай 30 күн бойы аш жүру деген сөз емес, бұл Аллаға құлшылық қылып, күнә мен жамандықтан арылу, дұрыс жолға бет бұру. Осы орайда “Нұр Астана” мешітінің имамы Дәурен Мүслімов ораза кезінде қандай адамдардың күнәсі кешірілмейтінін айтты.

 

“Алла қаншалықты ұлық, Рамазан айы қаншалықты қасиетті болса да, мына 4 түрлі адамның тілегі, ниеті қабыл болмайды. Біріншісі ішімдік ішетіндер, екіншісі ата-анасымен байланысын үзгендер, үшіншісі – туысқандарымен байланысты үзгендер, төртінші – біреуге кек сақтап, өш алғысы келетіндер. Бұл адамдардың тілеген тілегі орындалмайды, күнәлары кешірілмейді. Сондықтан да ағайындарыңмен араздасып, араласпай кеткендер болса, кешірім сұраңдар, кешірімді болыңдар. Рамазан айын жақсы іспен бастаңдар”, - деді имам.

Айта кетссек, биыл Ораза айт мейрамы 26 маусымда басталады. 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні Қадір түні.

Осы жылы республика бойынша белгіленген пітір садақа мөлшері 300 теңге.

Нұргүл Әубәкірова

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста