Рамазанды неліктен «Құран айы» деп атайды?

Рамазанды неліктен «Құран айы» деп атайды?

Өйткені, Алла Тағала Құран кәрімді адам баласына Рамазан айында түсірді: «Рамазан айы – адамдар үшін тура жол көрсететін, дұрыс пен бұрысты айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» (Бақара: 185), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғарыдағы аяттың негізіне сәйкес «Рамазан – Құран айы» деп те айтылады.

 

Бірақ, «Рамазан айы – Құран айы» деген уақытта тағы бір ескеретін жағдай: бұл айда Құранды көп оқып, Аллаға арнап жасалатын тағат-ибадатты көбейту қажет.

 

Әрине, біздің барлығымыз Құранды араб тілінде оқи алмаймыз. Әйтседе, ең болмаса Құранды кирил әрпінде немесе оның қазақша аударма-мағынасын оқып, айтылған аят мазмұндарына ой жүгіртер болса, бұл да Алланың алдында құлшылық саналмақ.

 

Осылай Рамазан айын құлшылықпен өткізген саналады.

 

Пайғамбар (с.ғ.с.) бізге Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. Ондағы әрбір әріпке сауап жазылмақ:

«Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп және басқаға үйреткендерің»; «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады» (Имам Табарани).

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста