Шайтан мен жынның айырмашылығы неде?

Шайтан мен жынның айырмашылығы неде?

Бүкіл әлемнің Раббысы Алла Тағала Адамды (а.с) жаратып, оған барлық атаулы есімдерді үйретті. Сөйтіп барлық періштелерге Адамға (а.с) сәлем беріп сәжде етуіне бұйырған-тын. Сонда Алла әміріне бой ұсынған барлық періштелер сәжде жасап, Ібіліс деп аталатын махлұқ сәжде етпей Алла әміріне қарсы келген еді. Әрине бұл қиссаны барлығымыз білеміз. Бірақ аятқа қарайтын болсақ Ібіліс періште емес. Оның періштелерден емес екендігі жөнінде барлық Ислам ғалымдары мойындайды. Құранда Алла Тағаланың айқын түріде мынадай аят бар: «...Біз періштелерге Адамға тағзым етіңдер дедік. Олар дереу тағзым етіп, бас иді. Тек қана Ібіліс бас тартып, өркөкіректік қылып, кіпірлерден болды» делінген болса Имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) «Періштелер нұрдан жаратылған, жындар от жалынынан жаратылған, ал адам болса өздеріңе (Құранда) түсіндірілген нәрседен жаратылған» - деген. Демек, осы аят-хадис арқылы Ібіліс періштелерден емес, жыннан екенін аңғарамыз.

Құран аяттарын оқып отырсақ кей жерлерде лағінеті малғұн «Ібіліс», кей жерлерде «шайтан» деп айтылған. Сонда оның екі есімі бар ма? Әлде екеуі бір мағына ма?
Алла Тағаланың әміріне тәкаппарлық етпей тұрған кезде есімі «Ібіліс» болған. Ал, Шайтан – араб тілінде (شطن) деген етістіктен шығады. Яғни алыстау деген мағынаны береді. Ібіліс Алла әміріне пасықтық етіп, бой ұсынудан және бой ұсынушылардан сондай-ақ тәубе етуден алыстады. Жәннаттан және Алланың кешірімінен алыстады. Сол себептен алыстушы яғни Шайтан – деп аталды.
Не үшін Ібілістің шайтан деп аталғанын білдік. Ендігі кезде Шайтанмен жынның айырмашылығы қандай? Соған тоқталып өтсек.
Жындар шайтаннан емес, Шайтан - жындардан болып табылады. Алла әміріне пасықтық еткен жындар – Шайтан деп айтылады. Бірақ мұсылман, мүмін жындар да бар. Олар шайтан деп айтылмайды.
Иә, көпшілігіміз жындардың мұсылманы бола мекен? - деп таңырқап та, қалай екенін түсінбей жатқандарда баршылық. Құран кітапты ашып қарайтын болсақ «Жын» деген арнайы сүрені кезіктіреміз. Сол «Жын» сүресінің 1-2 аяттарында «(Мұхаммед, оларға): «Маған жындардың бір тобының (Құран) тыңдағаны жайлы уахи етілді», де. Сонда жындар: «Шынында біз бір ғажап Құранды естідік. Ол бізді тура жолға салады, енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз» - делінген.
Міне жындардың бір тобы Құранды тыңдап, сол Құран тура жолға бағыттарын біліп, расында ғажап сөздер айтылғанын түсініп, Аллаға серік қоспай мұсылман болды. Бұдан аңғаратынымыз жындардың тәкаппарлық етіп Алла әміріне қарсы келген жындар шайтан, Құраннан ғажап аяттар тыңдап мүмин болған жындарды мұсылман жындар деп атаймыз.
Жындардың екіге бөлінгенін аңғарғандай болдық. Енді ол екі топтағы жындар адамдарды азғырады ма? Әлде мұсылман жындардың зияны жоқ па? Сол жайында тоқталып өтсек.
Қарапайым түрде жауап берер болсақ, мұсылман жындардың адам баласына еш зияны жоқ, азғырмайды да. Ал, кіпір жындар яғни шайтандар олар әрдайым адамзатты азғыруда және өзімен бірге тұмаққа алып кетуге атсалысады.
Шайтандар тіпті адам түсіне де кіріп азғырады. Жалпы айланың әр қилы жолдарын қолданады. Тек пайғамбарымыздың кейпінде ғана адамның түсіне ене алмайтынын Алла елшісі (с.а.с) өз хадисінде айтып өткен.
Қазіргі кезде көп орын алып жатқан тәуіп-емшілер, балгерлер мен ақ киген зияратшылардың мән жайын қарар болсақ. Барлығыда түстеріне арғы аталары немесе қазақтың дарынды дүниеден өткен тұлғалары кіріп, мен сені пәленше деген атаңның аруағы боламын. Қызым не ұлым сен бұдан былай намаз оқуың керек деп насихаттайды. Шайтан жақсылыққа насихаттамасын барлығымыз білеміз. Ойларында ештеңе жоқ, діннен хабарсыз кісілер О, түсіме атам еніп намаз оқуға үндеп жатыр деп намаз үйрене бастайды. Сосын күндер өте сен намазды үйрендің енді адам емдесең болады. Мен өзім қолқанат болып тұрамын десіп түсіне кірген атасы емшілікке жіне палшылыққа үйретеді. Сонымен қалай Аллаға серік қосып шайтанға арбалғанын сезбейде қалады.
Ойланып көрелік. Шайтан азғырудан өте шебер тіпті жақсылықты айтып тұрып жамандыққа бұрып алады. Оны байқамайда қаламыз. Сондықтан адасып кетпеуіміз үшін діннен хабарымыз болып, намаз оқып сақтықта жүргеніміз дұрыс болады. Енді шайтанның ата-баба кейпінде түске еніп намаз оқуға насихаттауының мәнісіне мән берсек қиындықсыз түсіне алар едік. Алла намаз оқуға баршамызға бұйырған, бірақ оған амал етпей жүріп ата-бабамыз түске енгенде намаз бастауымыз Алла сөзін елемей ата-баба сөзін елегендік болып саналады. Бұлай әрине күнаға апарары сөзсіз. Сосын бұл намаз арқылы күнаға бір батырған болса, артынан емшілікке итермелеп пал аштырғаны үлен кешірілмес күнаға яғни Аллаға серік қосуға алып келеді.
Қадірлі ағайын! Құран аяттарымен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистеріне амал етіп жүрейік. Құранда «Фатыр» сүресінің, 6 аятында: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендерде оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» - деген.
Ақыл иелеріне осы аяттың өзі жеткілікті сияқты. Алла шайтанның азғыруынан, бәле-жалаларынан сақтап, барлығымызды сүйген құлдарының қатарынан етсін. Әмин!

Жеңіс ӘБИБУЛЛАҰЛЫ,
akikat.ucoz.ru

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста