Шайтанның он жеті есігі

Шайтанның он жеті есігі

Бірінші есік - көргенсіздік. Бұл шайтанның есіктерінің ең үлкені.  Көргенсіз адам жақсы мен жаманды ажыратып, оның парқына жете алмайды. Шайтанның ықпалында көп уақыт болатын мұндай жандарды ақыры ол өз әскерлерінің қатарына қосып алады.

Екінші есік -ашу-ыза. Ашу да шайтанның ең үлкен есіктерінің бірі. Шайтан ашуға мінген адаммен доппен ойнаған баладай ойнай бастайды. Абу Хурайрадан жеткен хадисте былайша баяндал­ған: «Бір адам пайғамбарға: «Маған ақыл-кеңес бер!» &ndash дейді. Сонда пайғамбар: «Ешқашан ашуланушы болма!» - деп ақыл айтыпты. Әлгі адам пайғамбарға осы өтінішін бірнеше рет айтады. Бірақ пайғамбар жауабын өзгертпей: «Ашуланушы болма!» - деп жауап қатыпты».

Үшінші есік - дүниеге деген махаббат. Егер адамдар мұның сынақ өмір екенін анық білсе, онда өткінші дүниеге қызықпас еді. Алла-тағалаға ғибадат етіп, шын дүниеде алатын сауаптарын молайтып, күнә іс жасамас еді. Шайтан дүние­қоңыздарды да өз әскерлерінің қатарына қосып алады.

Төртінші есік - осы өмірге үлкен  үміт арту. Алланың нағыз құлы бұл өмірден үлкен үміт күтудің ахыреттегі сауаптарды кемітетінін есте ұстаған болар еді. Шын мәнінде мұсылман бұл өмірде өзін қарыз адам секілді сезіну керек.

Бесінші есік - байлыққа құмарту. Шайтан азғырған жандар байлыққа  құмартады. Олар бай болу үшін Құдайды да сатып кетуден тайынбайды. Байлыққа жету жолында алдап-арбау, өтірік айту секілді әрекеттерге барады.

Алтыншы есік - іштарлық. Шайтан адамды кедейшілікпен қорқытады. Ол адамдарды садақа бермей, бар тапқанын үнемдеп, сақтауы керектігін үнемі еске салып отырады. Ал Алла-тағала біздің жасаған қайыр-садақамызды еселеп қайтарып, ризық-несібемізді арттырады.

Әбу Хурайрадан риуаят етілген хадис­те: «Күн сайын таңертең екі періштенің бірі: «О, Алла, берушінің ризығын арттыра гөр!» - десе, екінші періште: «О, Алла, дүниесін іштарлықпен сақтағанның мүлкін жоя гөр!» - деп дұға етеді» деп айтылған.

Жетінші есік - өркөкіректік. Бұл есіктен кірген адам - нағыз көргенсіз. Ол өзінен басқаларға мұрнын шүйіріп қарайды. Пайғамбарымыз хадистерінің бірінде: «Жүрегінде иненің жасуындай өзімшілдік пен өркөкіректік бар жан жұмақтың есіктерінен кіре алмайды» деген.

Сегізінші есік - мақтаусүйгіштік. Біліп алғын, бауырым, егер сен мақтағанды ұнататын болсаң, онда шайтан сенің желкеңе мініп алады. Мақтансүйгіштік адамды үлкен қасіреттерге тап қылады. Себебі, мақтаулар мен мадақтауларға Алла ғана лайықты.

Тоғызыншы есік - екіжүзділік. Аллаға емес, адамдарға жақсы көріну үшін амал жасайтындар, беделін өсіру мақсатында жақсылық жасайтындар, садақа беретіндер шайтанның тіліне ергіш келеді. Нағыз мұсылман берген садақасын ешкімге білдірмеуді қалайды. Хадистердің бірінде: «Оң қолыңның берген садақасын сол қолын білмей қалсын» деген.

Оныншы есік - өзін сүю. Өзін сүйе­тіндер өркөкіректіктен өзгерек. Ол өркө­кіректің алғашқы баспалдағы. Өзін сүйе­тіндер айналасына паңдана қарайтын әдет табады. Ондай болудан Алланың өзі сақ­тасын.

Он бірінші есік &ndash уайымшылдық пен қорқыныш. Бұл &ndash шайтанның қайықтары. Шайтан оған адамдарды отырғызып, елес пен қиялдың теңізіне алып кетеді. Ақыры өкініш пен қайғының түбіне батырады. Ал шын мұсылман сабыр мен төзімнің кемесіне мініп, Аллаға тәуекел еткен болар еді.

Он екінші есік &ndash құмарлықтың соңына түсу. Алла-тағала құмарлықтың соңына түсу адамды тура жолынан тайдыратынын ескерткен. Алланың ақ жолынан тайған адам шайтанның қауымына айналады.

Он үшінші есік &ndash жаман ойлау, ғайбат сөйлеу. Алла-тағала біздерді жаман ойлаудан, біреудің сыртынан ғайбат сөйлеу­ден тыйған. Өзгелер туралы жаман ойлап, күмән келтіру дұрыс емес. Біреудің сыр­тынан ғайбат сөйлеуден ғана емес, нағыз мұсылман өзгенің кемшілігін бетіне басудан да аулақ болуы керек. Бөгделерді күндеп, олардың сыртынан жаман сөз тарату да шайтанның азғыруынан болады екен.

Он төртінші есік &ndash мұсылмандарды құрметтемеу. Ең үлкен күнәнің бірі &ndash  мұсылманның мұсылманды құрметтемеуі. Барлық мұсылман бірін-бірі құрмет тұтып, ілтипатпен қарауы тиіс. Сондай-ақ Алла-тағала адамдардың бірін-бірі лақап атпен атап, кемсітуіне жол берілмеуі тиіс екенін ескерткен.

Он бесінші есік &ndash күнә жасауға жол беру. Шайтан есіктерінің бірі &ndash күнәға мән бермей, күнәні қайта жасай беруі. Шайтан мұсылманға келіп, оны азғырып: «Бұл &ndash кішкентай ғана күнә. Жасай бер, ол үлкен күнә емес» деп оны жасама­йынша, қыр соңынан қалмайды. Кіші күнә жасаған адамның жүрегінде қара дақ пайда болады. Ал тәубе етіп, жақсылық жасаса, күнәдан түскен дақ жүректен жуылып кетеді.

Он алтыншы есік &ndash Алланың қаһарынан қорықпау. Күнә жасауды жалғастырып, Жаратушының қаһарынан қорықпайтын адамдар бар. Ол пақырлар Алланың азабының ауыр екенін ұмытады. Алла-тағала күнә жасағанына өкініп, тәубе еткендерді ғана кешіреді.

Он жетінші есік &ndash Алланың кешірімінен үміттенбеу. Шайтан Алланың құлдарына: «Сенің күнәларың көп, Алла-тағала сені кешірмейді», &ndash деп пендені үмітінен ажыратуға әрекет жасайды. Ал шайтанның азғыруына түскен адам Алланың кешірімінен үмітін үзіп, күнә мен қылмыс жасауға барады. Себебі шайтан оған: «Сен бәрібір тозаққа түсесің, сондықтан Алланың құзырына бармай тұрып, мына өмірдің қызығына қалауынша батып қал», &ndash дейді. Мұсылман мұндай азғырудан сақтанып, Алладан үмітін үзбей, күнәсі үшін тәубе етуден танбауы керек.

Дайындаған - Ж.ОРАЗБАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста