Шариғатқа сай құда түсу

Шариғатқа сай құда түсу

Шариғатта құда түсу деп ер адамның әйелге жасайтын тұрмысқа шығу туралы ұсынысын (сөз салуын) айтады. Білім иелері құда түсу (хитба) үйленуге ниеті бар кісіге рұқсат етілген (амал) дейді.
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал әйелдерге үйленуді жақауратып ескертулеріңде немесе іштеріңде сақтауларыңда бір сөгіс жоқ» («әл-Бақара» сүресі, 235-аят).
Сондай-ақ Пайғамбардың да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) құда түскендігі жайлы сахих түрде жеткізілген.
‘Уруаның (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай дегені жеткізіледі: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Бакрдан Айшаның қолын сұрағанда, Абу Бакр оған: «Алайда мен сенің бауырың емеспін бе!», – деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен менің Аллаһтың діні мен Оның Кітабы бойынша бауырымсың, ал Айша жайлы айтатын болсақ, маған оған үйленуге рұқсат етілген», – деді”. Қз.: «Сахих әл-Бухари»/5081.
Сондай-ақ ол Хафсаға да құда түскен.
Абдуллаһ бин Умар (Аллаһ оған разы болсын) Умар бин әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: “Менің қызым, Хафса бинт Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі болған, Бадр шайқасына қатысып, Мединада қайтыс болған күйеуі – Хунайс бин Хузафа әс-Сахмиден айырылып қалғанда, мен Усман бин Аффанды жолықтырып: «Егер қаласаң, мен саған Хафса бинт Умарды тұрмысқа берейін», – деп Хафсаны оған әйелдікке ұсындым. Ол: «Мен бұл жайлы ойланып көрейін», – деді. Мен бірнеше күн күттім, ал одан соң ол (маған): «Мен дәл қазір үйленбейтін шығармын», – деді. Біраз уақыт өткен соң мен Абу Бакрге кезігіп: «Егер қаласаң, мен саған Хафса бинт Умарды ұзатайын», – дедім. Бірақ Абу Бакр үндемеді де, маған ештеңе деп жауап бермеді, ал мен оған Усманға ренжігеннен де қаттырақ ренжідім, ал тағы біраз уақыт өткен соң оған (Хафсаға) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құда түсіп, мен оны соған ұзаттым. Содан кейін Абу Бакр менімен кездесіп: «Сірә, сен Хафсаны маған әйелдікке ұсынғаныңда, жауап бермегеніме ренжіген боларсың?», – деді. Мен: «Иә», – деп жауап бердім. Ол: «Маған сенің ұсынысыңды қабыл алуыма тек Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы айтып жүргенін білуім кедергі болды, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құпиясын ашуға дәтім бармады, ал егер де ол бас тартқанда, мен міндетті түрде оны өзім алар едім!», – деді”. Қз.: «Сахих әл-Бухари»/4005.
Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйленгісі келетін адамға өзі құда түсіп жатқан қызды көруге ынталандыратын.
Бұл туралы мына хадисте баяндалатынындай: «Сендерден кім әйелге құда түссе, мүмкін болса оның сол әйелге үйленуіне түрткі болатын жеріне қарасын». Қз.: «Сунан Аби Дауд»/2082. Шейх әл-Әлбани «Сахих Аби Даудта»/1832 бұл хадисті жақсы (хасан) деген.
Дегенмен, Шариғатта хитбада міндетті болған арнайы рәсім-салтанаттар жоқ. Және кейбір мұсылмандардың істеп жүргендері, мысалы, болып өткен хитба туралы жария жар салуы, немесе осыған байланысты сән-салтанатты қуаныш-шаттық танытуы, немесе хитбаға алдын ала сыйлықтар даярлау – бұлардың барлығы, егер осылардың әлдебіреуіне шариғатта тыйым салынбаған болса, өз негізінде рұқсат етілген әдет-ғұрыптарға (‘адатқа) жатады. Мұндай әдет-ғұрыптарға сондай-ақ күйеу жігіт пен қалыңдықтың бір-біріне «неке жүзіктері» деп аталып кеткен сақиналар салуы да жатады. Дегенмен, бұл дәстүрге ілесудің шариғатқа қарама-қайшы келетін келесідей жақтары бар екенін атап айту керек:
Біріншісі: Кейбір адамдар осы жүзіктер ерлі-зайыптының махаббатын арттырып, араларындағы қарым-қатынасты нығайтады деп сенеді. Алайда бұл білімсіз кісілердің наным-сенімі болып табылады, өйткені мұндай байланыстың не Шариғатта, не шынайы болмыста негізі жоқ.
Екіншісі: Бұл христиандар мен басқа да кәпірлерге ұқсап-еліктеу болып табылады, өйткені бұл ешқашан мұсылмандардың салт-дәстүрі болмаған. Ал Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді мұндайдан (кәпірлерге ұқсап-еліктеуден) ескертіп отырған.
Абу Са’идтен (Аллаһ оған разы болсын) бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: “«Ақиқатында, сендер өздеріңе дейінгі өмір сүргендердің салтына сүйем бе сүйем, шынтақ па шынтақ ілесетін боласыңдар, әрі егер олар кесірткенің ұясына кірсе, сендер де міндетті түрде соларға ілесесіңдер!» Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, [сіз] христиандар мен яһудилер[ді айтып отырсыз ба]?», – деп сұрадық, ол: «Басқа тағы кімді?», – деді”. Қз.: «Сахих әл-Бухари»/6889; «Сахих Муслим»/6723.
Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім қандай да бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан». Қз.: «Сунан Аби Дауд»/4031. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын «Сахих Аби Даудта»/3401 бекіткен.
Үшіншісі: Әдетте құда түсуде жүзіктер алмасу рәсімі неке қиылғанға дейін орын алып жатады, әрі мұндай жағдайда күйеу жігітке қалыңдықтың саусағына өзі жүзік тағуына рұқсат етілмейді, себебі хитбадан кейін де қалыңдық оған бөтен әйел болып қала береді, яғни оның әйелі болмайды.
Әрі қорытындылай келе, осы мәселе бойынша келесідей сөздерді айтқан қадірлі шейх Ибн ‘Усайминге (Аллаһ оны рахым етссін) сөз берейік: “«Дибләтул-хутуба» (неке жүзігі) дегенде жүзікті айтады, ал жүзік өз негізінде хәлал (рұқсат етілген) болып табылады. Алайда бұған бұл (жүзіктер) ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді деген жалған наным-сенім ілеседі. Осылайша, кейбір адамдар қалыңдыққа беретін жүзігіне өздерінің есімдерін жазады, қалыңдық болса өз кезегінде де тура соны істейді, мұнысымен олар «бұл біздің бір-бірімізге деген ынтызарымыздың себебі болады» деп пайымдайды. Мұндай жағдайда неке жүзігі харам болып табылады, себебі не Шариғатта, не шынайы болмыста мұндай байланысқа негіз жоқ. Сондай-ақ (құда түсетін) күйеу жігітке қалыңдықтың саусағына жүзік тағуына болмайды, себебі бұдан кейін де қалыңдық ол үшін (қолын тигізуіне болмайтын) бөтен әйел болып қала береді. Ал ол тек неке қиылғаннан соң ғана оның әйелі болады”. Қз.: «Әл-фатауа әл-жәми’а лил-мәратил-муслима» 3/914.
Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын! 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста