Шариғатта алтын сату жайлы не айтылған?

Шариғатта алтын сату жайлы не айтылған?

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алтын мен күмісті саудалауға қатысты шариғаттағы үкім туралы мағлұмат берді.

Шариғат үкімі «muftyat.kz» сайтында жарияланды. Онда мынадай жайлар айтылған:

Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастау. Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастағанда қолма-қол әрі екеуінің де өлшемі бір болуы шарт. Егер бір тараптың алтыны немесе күмісі көп не кем болса, онда өсім болады. Екеуінің бірі ескі не жаңа, сапасы жоғары не төмен болуына және т.б. мән берілмейді.
Алтынды күміске немесе күмісті алтынға сату. Бұл сауданың түрінде де қолма-қол принципі негізге алынады. Өлшемінің бірдей болуы шарт емес.
Саф алтынды немесе күмісті ақшаға сату. Саф алтын мен күмісті сату барысында төлем қолма-қол болуы тиіс. Алтын мен күмісті алып, ақшасын кейін беруге немесе ақшасын төлеп, алтын мен күмістікешіктіріп алуға болмайды.Өйткені көпшілік ғалымдар қолданыстағы ақшалардаалтын мен күміске қатысты үкімдер сақталуы керектігін айтқан.
Осы пікірге орай алтын мен күмісті және одан жасалған бұйымдарды бөліп сатуға болмайды. Себебі бұл жерде қолма-қол принципі жүзеге аспайды. Алайда алтын мен күмісті сатып алуға қаражаты жоқ адам оларды қарыз ретінде алып, кейін қарызын алтынмен немесе оның құнын сол күнгі бағамен қайтарады.

Дегенмен кейбір ғалымдар алтын мен күмістен жасалған бұйымды бөліп сатуға болатынын айтқан. Өйткені бұйым жасалуымен алтын мен күмістің ақшалық сипаты жоғалып, тауарға айналады. Сондықтан оны кез келген тауар секілді бөліп төлеуге, ақшасын кешіктіріп беруге болады дейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі келтірген үкім бойынша:

Алтын мен күмісті қолма-қол сатып алуға рұқсат етіледі.
Саф алтын немесе күмісті бөліп сатуға (рассрочка) болмайды. Тек қарыз ретінде алып, алтынның өзін немесе құнын сол күнгі бағамен қайтарады.
Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастағандатеңбе-тең және қолма-қол жүзеге асуы шарт.
Алтын немесе күмістен жасалған жүзік, сырғаны т.б. бұйымдарды бөліп сатуға рұқсат етіледі.


«Замана»-ақпарат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста