Шариғатта ұйқы жайында не айтылған?
Араб тілінде “ұйқы” ұғымын білдіру үшін «нәум» және «манам» сөздері қолданылады. Бұл сөздің астарлы мағынасы «қозғалыстың тоқталуы» дегенді білдіреді. Осы сөздің «Желдің басылуы, теңіздің тынышталуы, оттың сөнуі» деген мағыналары бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Рағиб әл-Исфахани Муфредат атты еңбегінде «ұйқы» сөзін «ми нервтерінің ұлғаю жағдайы» деп танымдаса, Сейид Шариф әл-Журжани Әт-Тариф атты еңбегінде «Сезім күштердің әрекетсіз қалуына себеп болған табиғи жағдай» деген.
Ал Тахауи болса Кәшиф (II-том, 1430 бет) деген еңбегінде ұйқыға былай деп таным берген: «Әрекеттілік элементінің жүйкеге жетуіне тосқауыл болуына байланысты сыртқы сезімдерге, ерікті және еріксіз қозғалыстарға қабілетсіз ететін жағдай».
Ұйқының бірте-бірте тереңдеуімен жалғасатын өзіндік фазалары бар. Бұлардың әрқайсына араб тілінде әртүрлі атау берілген.
Құран Кәрімнің аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерінде ұйқыны білдіретін «синә», «нуәс» және «рукуд» сөздері көбірек қолданылғаны байқалады. Ұйықтаудың алғашқы фазасына «синә» деп айтылады.
Синә сөзінің мағынасы – «Көздің қабығы тартыла бастап, мида пайда болатын және көз бен жүрекке әлі өтпеген ұйқы» дегенді білдіреді. Осыдан кейін ұйқы одан әрі тереңдеп, көзге өткенде, «Көз жұмылып, кірпіктің жұмылуы» дегенді білдіретін «нуас» фазасы орын алады.
Нуасты ұйқы немесе жеңіл ұйқы деп айтуымызға болады. Ұйқы тереңдеп, жүрекке өткенде «неум» сатысына жетеді.
Араб тілінде ұзақ уақыт ұйықтауға «рукуд» сөзін қолданады. Бұл жайында Құран Кәрімде «Асхабы Кәһфтің» (әл-Кәһф 18/18) ұзақ ұйықтауы мен адамдардың қайта тірілу уақытын, яғни қабірде (Ясин 36/ 52) күтуді де (м) рүкуд деп айтады.
Сонымен қоса алғанда, қысқа уақыт ұйықтауға да рукуд сөзі қолданылған. (Бұхари «Неке», 1, «Тәһажуд», 12; Мүслим, «Мусафирин», 163, «Сиәм», 190). Құран Кәрімнің тоғыз аятында ұйқы туралы айтылған.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде ұйқы туралы көптеп айтылып, ұйқы адамның табиғатында бар және ұйқыға адамдар мұқтаж екенін айта келе, Алланың ұйықтамайтынын және ұйқыға (демалуға) мұқтаж емес екенін айтады.
Сонымен қатар, ұйқы балалық және психикалық (жынды) ауруларды жауапкершіліктен шектейтіні туралы да айтылған.
Бұған қоса алғанымызда, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) құптан намазынан бұрын ұйықтауды жөн көрмеген.