САУДАДА ҚАНДАЙ ШАРТТАР НЕГІЗІНДЕ СЕРІКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?

САУДАДА ҚАНДАЙ ШАРТТАР НЕГІЗІНДЕ СЕРІКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?

 СҰРАҚ: Достарым сауда жасайды. Қаржыны мен беремін. Келісім бойынша, олар пайда тапса да, зиян көрсе де, маған тиеселі үлесімді беріп отырады. Осылай жасауға бола ма?

ЖАУАП: Мұндай сауда шариғат тілінде «мұдараба» деп аталады. Оның сөздік мағынасы «жер бетінде жүру» дегенді білдіреді. Шариғатта мудараба деп табыс табудағы серіктестік келісімге айтылады. Оның негізінде бір тарап (қапитал иесі) нақты ақша ұсынады, ал екінші тарап (мудариб) қызметті өз міндетіне алады. Түскен пайда келісім бойынша бөлінеді. Пайда олардың үлестеріне қарай бөлінеді. Зиянға ұшыраса, капитал иесі қаражатынан айырылады, ал мударибтың еңбегі босқа кетеді. Мұдарабаның шариғатта дұрыс болуы Құран, сүннет, ижмағ және қияспен дәлелденеді. Алла Тағала: «Кейбірің ризық іздеп, ел кезіп кетесіңдер»[1] және «Намаз оқып болған соң әр жерге бытырап, (шаруаларыңа тарап) Алланың ризығын іздеңдер. Мақсатқа жетеміз десеңдер, Алла жолына көп дұға айтыңдар»[2]. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Әкеміз Аббас ибн Абдулмүтталлиб малын мұдарабаға берсе, оны теңізде алып жүрмеуді, кең далаға алып шықпауды, оған жануар сатып алмауға, ал егер солай істесе, төлеп беруді шарт ететін. Бұл туралы хабар пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жеткен кезде, ол аталмыш саудаға рұқсат етіпті»[3]. Ижмағ бойынша, сахабалардың көпшілігі жетімнің малын мұдарабаға бергені белгілі. Адамдар бұл нәрсеге жиі мұқтаж болады. Өйткені кейбіреулерінде қаржы болғанымен, жұмсауға қабілеті болмауы мүмкін. Басқада білім де, мүмкіндік те бар, бірақ ақшасы жоқ. Мұдараба арқылы екеуінің де қажеті өтеледі. «Мұхтасар уиқая» кітабында былай түсіндіріледі: «Ол (мұдараба) – бір адамнан қаржы, екіншісінен жұмыс болып пайдаға серіктесуі. Яғни, мұдарабаның ерекшелігі қаржылы кісі тиісті қаржыны серігіне беріп, оны жұмысқа өкіл етеді»[4]. Көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда мұдараба келісімі бұзылған болып саналады. Мысалы, сауда айналымына енгізіп пайда көру мақсатында бір адамға 1 млн теңге беріп, пайда тапса да, зиян көрсе де, айына 100 мың теңге беріп отыруды шарт қылу дұрыс емес. Мұдараба келісімінде табысты (пайданы) бөлісу нақты сома немесе негізгі капиталдың пайызынан емес, келісілген пропорция бойынша, яғни 1/2, 1/3 немесе 1/4 деген шартпен жүзеге асуы тиіс. Ал сұрақта айтылған келісім мұдараба қағидасына сәйкес келмейді. Сондықтан екі жақ та аталмыш кемшілікті дұрыстасын немесе бұл істі тоқтатсын.

fatua.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста