Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өссін сендерге басқа жандар...

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өссін сендерге басқа жандар...

ТӘУБЕГЕ КЕЛУ

Кешір Алла, жаза басқан құлыңмын,
Кеш те болса, құдіретіңді ұғындым.
Сенің шексіз күллі әлемге тараған,
Мейіріміңе жылындым.


Кешір Алла, көп адасқан құлыңмын,
Кеш те болса, сәждеге кеп жығылдым.
Құлақ кесті құл екенімді мойындап,
Құбылаға бұрылдым.


Құдіретіңді танып, біліп көрмеген,
Кешір Алла күпірі көп пендең ем.
Өлгеннен соң тірілесің дегенге,
Соқыр көңілім сенбеген.


Жалған өмір қас қағымда өтер деп,
Серілікпен жүрдім талай секеңдеп.
Ойламаптым қабірдегі сұрақты,
Топырақ боп кетем деп.


Өтем бе деп бұл өмірге бекер кеп,
Ақындықтың жолы осы екен деп.
Көсіліппін қағып қойса арқамнан,
Сөзім бал мен шекер деп.


«Пах, шіркін-ай,
Ай-хой», – десе алқалап,
Шіреніппін кеуде керіп, шалқалап.
Келген екем танығанша Тәңірді,
Таудай күнә арқалап.


Мың сан шүкір кіргеніне есімнің,
Ессіз күнді ой-санамнан өшірдім.
Кешіруді ұнататын Жаратқан,
Тәубе қылдым, кешіргін!


Кешір Алла, тәубе қылған пендеңді,
Жан жүрегім мейіріміңмен емделді.
Адастырма ақиқаттың ауылын,
Тапқанымда енді-енді.


Кешіре көр, рахымды Тәңірім,
Босқа өткізген күннің қазір бәрі мұң.
Жүрегіме иман нұры құйылып,
Тазаруда тамырым.
Кешіре көр, Тәңірім!


СОЛ БАЯҒЫ

Жаратқан көрсеткенмен адал жолды,
Жандар көп, жат пиғылды, арам қолды.
Қой терісін жамылған қасқырлар мен,
Қасқырға қой баққызған заман болды.


Аждаһа пейілділер жайлап жұтар,
Ислам бір ұғымға айналды тар.
«Бір Алладан жазба» деп табыстаған,
Аманаты желге ұшқан қайран Бұқар.


Сан ағым сананы улап, жайлап алды,
Дініне селқос елді пайдаланды.
«Бес уақытта, бес намаз, қаза қылма»,
Дегені Бұқар шалдың қайда қалды.


Дін десе шоқ басқандай безектейді,
Дінінен безетіндей не жетпейді.
Жүрегі тас, көзі көр кей пенделер,
Құлағын бітеп алған сөз өтпейді.


Құдайдан қорқу қайда, мұңсыз тіптен,
Әйтеуір, тойса болды құлқын біткен.
Жемқорлық, парақорлық, жағымпаздық,
Иманның жоқтығы мен дінсіздіктен.


Тартам да Мұқағали ағамды алға,
Дегенін қайталаймын амал бар ма?
«Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға».


Ақылым жетпей қойды сан ойлана,
Құдайын танымайды қалай ғана.
«Алланың өзі, сөзі растығын»
Ұғатын пенделер аз Абай баба?!


Әдейі дінді әкеліп қойған дауға,
Ол жағын шенеуніктер ойланбауда.
Құдайымен ісі жоқ пенделердің,
Кесірінен секталар ойрандауда.


Дініне жаңа жеткен байтақ елді,
«Измдер» бара жатыр шайқап енді.
«Құдай жоқ» деп шорт кесіп айтпаса да,
Дін апиын деген күн қайта келді.


Санаулы ұлтын сүйген адал жандар,
Содан ба?
Ертеңіме алаңдау бар.
Қоғамда көп санасына атеистік,
Уы сіңіп, күшігінде таланғандар!


Содан ба, өзгермеген, сондай әлі,
Іс түссе ғана көкке қол жаяды.
«Мұсылмандық тілде бар, ділінде жоқ»,
Махамбет айтқан қазақ сол баяғы.

***

"Атымды адам қойған соң",
Ар-Иман болды жолдасым.
Көңілге түйген ойдан соң,
Абайдан алдым сөз басын.


«Ойға түстім, толғандым»,
Адамға ойсыз құр сән не?
Ой – деген қалың орманның,
Ішінен таптым бір сәуле.


«Аспаса ақыл қайраттан»,
Басыңды жарға соғарсың.
Келгенін білмей қай жақтан,
Бәлеге душар боларсың.


«Мен боламын демеңдер»,
Кеудені соғып, ісініп,
Болсаңда ірі кемеңгер,
Адамға керек кішілік.


«Күн артынан күн туар»,
Тіршілік демін үзбеуге.
Зерделі адам ұмтылар,
Ғылым мен білім іздеуге.


Тәңір берген несібем,
Өлең болды толайым.
Абайды оқып өсіп ем,
«Қайтіп надан болайын»!


Жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі,
Пенделіктен өресі аспағандар.


Жақсы көрем сендерді, жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар.


Жақсы көрем сендерді мен неліктен,
Мінезіңмен мызғымас ерге біткен.
Адамдықтың алдында аласарып,
Биік тұрған қашан да пенделіктен.


Жақсы көрем сондықтан мен сендерді,
Мен де бір сәт көтеріп еңсемді енді.
Сендер салған адамдық, ардың жолын,
Болашаққа көрсетіп берсем болды.


Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа жандар.


Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.2015, 16.04.2015, 17.04.2015, 21.04.2015, 22.04.2015, 24.04.2015, 25.04.2015, 26.04.2015).
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста