Сіңірі шыққан кедейге баюға мүмкіндік берген Құдай

Сіңірі шыққан кедейге баюға мүмкіндік берген Құдай

Бір сіңірі шыққан тақыр кедей Құдайдан күнде жалынып сұрайды екен: "Мені  көршім сияқты лықсыған бай қыла көрші! Тым құрығанда байуға бір рет мүмкіндік бере көрші!" - деп жалбарыныпты. 

 

Күндердің бір күні Құдайдың уақыты шыққан кезде, кедейдің бір тілегін орындап тастауға мақұл болып, көршісі лықсыған байдың бар мүлкін жоқ  қылып, кедей секілді сіңірге айландырып, екеуін бірдей қылып, екеуіне ұқсас көмірге толы екі төбені бір жылға меншікке беріпті. 

 

- Ал енді саған жасаған жақсылығым осы болсын, осыны қазып сатып, бір жыл күндеріңді көріңдер! - депті Құдай...

 

Сонымен ертесі екеуі құрал-саймандарын алып, арбасын сүйреп көмір қазуға келіпті.

 

Кедейде, байда түстен бұрын 3  арба, түстен кейін 3 арба көмір қазып базарға апарып, әр арба көмірді 5000 теңгеден сатыпты. 

 

30 мың теңге қолына тиген кедей үйіне қайтарда 20 мың теңгеге үйіне азық-түлік алыпты. Қалған 10 мың теңгеге тамақ ішіп пивалатыпты. Ертесі  басы ауырып мең-зең болып жұмысына шығыпты. 

 

Ал бай тапқан 30 мың теңгесіне  2000 теңгеге  тамақ  ішіп, 3000 теңгесіне үйіне нан, кеспе алыпты. 15 мың теңгесін сандығына салып кілттеп, 10 мың теңгесіне көмір қазуға екі адам жалдап алыпты. 

 

Сол күні кедей тағы 6 арба көмір қазып базарға сатыпты. Тағы сол 20 мыңға киім-кешек, азық-түлік алып 10 мыңға пивалатып, тамақ ішіп  қайтыпты. 

 

Ал бай қасындағы екі адаммен қосылып үшеуі 18  арба көмір сатыпты. 10 мың теңгені екеуіне жалақысына беріп, қалған ақшаны қалтасына басыпты. Ертесіне тағыда 10 адам жалдап  алыпты. Оның ертесі 20 адам жалдапты, оның ертесі 30 адам, 40  адам...  осылай  бір  жылдың ішінде тауды қазып бітіріп қайтадан лықсыған байға айналыпты.

 

Ал кедейге келсек "біреуге ақша беріп, елді жалдап жындымынба" - деп елден қызғанып, күніне 6 арба көмірді өзі қазып, өзі апарып сатып, терін сорғалатып, күнде тапқанын күнде құртып, тапқанынан артылғанына өзінің 50 жасқа келген тойын өткізіп, жетпегенін банктен қарыз алып, бір жылдың ішінде әбден шаршап сіңірі шығып, баяғы кедей күйінде қалыпты.


Oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста