Сұқ саусақты көтеру нені білдіреді?
Кейбір адамдар мұсылманның сұқ саусағын жоғары көтеруі олардың өзара амандасуы деп түсінеді. Негізінде мұндай әрекеттің амандасумен байланысы жоқ. Мұсылмандар қол алысып амандасады немесе «әссәлаума ғалейкум» деп ауызша сәлем береді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Егер сұқ саусақ намаз барысында көтерілсе, онда ол «әттахиятты» оқыған кезде «Алладан басқа құдай жоқ» деген Алланы бірлеу сөзінде көтеріледі. Бұл әрекет намаз оқушының ұстанатын мәзһабына байланысты жасалады.
Ал енді сұқ саусақ жай уақытта немесе бір қуанышты сәтте көтерілсе мысалы, спортшы жеңіске жетіп, қуана сұқ саусағын көтереді. Бұл жағдайда адам өзіне жеңісті нәсіп қылған Құдайға шүкірін айтып, «Алла жалғыз» деген сөзді меңзейді.
Демек, сұқ саусақтың жоғары көтерілуі «Алла бір», «Алла жалғыз» деген ұғымдарды қамтиды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz