ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?
Нағыз дос - жалғыз болсаң да жаныңда жүргендей сезінетін адам.
Ол – қатеңді кешіретін, түсіністік танытатын, сыртыңнан қорғап, жоқтығыңды сездірмейтін адам.
Ол сен жайлы әрдайым жақсы ойлайды, оны ренжітсең қайта ақтауға тырысады, «мүмкін ол байқамаған шығар», «бұлай істейін деп ойламаған шығар» деп кешірім танытады.
Ол өзіне қалаған жақсылықты саған қалайды. Мал-дүниеңді, жанұяңды, ар-намысыңды өзінікіндей қорғайды.
Ол қиындықта да, жаймашуақ кезде де, қуаныш-қайғыда да, кеңдік-тарлықта да, байлық-кедейлікте де сенімен бірге.
Ол шалыс бассаң насихат айтады, жақсы іс істесең қуаттайды, ізгі амалыңа жәрдем көрсетеді.
Ол саған білімімен, амалымен, әдебімен, мінезімен пайда тигізеді. Сен сұрамасаң да әрдайым сыртыңнан дұға жасап жүреді.
Я, Алла! Бізге Өзіңді еске салатын, екі дүниеде де ізгілікке бастайтын ақиқи досты нәсіп ет!