Тәһаджүд намазы мен түннің не құпиясы бар?

Тәһаджүд намазы мен түннің не құпиясы бар?

Адам миы күндіз жұмыс істеп, түнде демалуы керек. Біз осылай ойлаймыз. Біз ғана емес бізді оқытқан ғылымның өзі адам миы ең жақсы жұмыс істейтін кез таңертеңгі мезгіл деп келді. Бірақ неврология ғылымы бойынша зерттеулер адам миының ең нашар жұмыс істейтін кезі керісінше осы таңертеңгі мезгіл екенін және ми күндізге қарағанда түнге қарай әлдеқайда жақсы жұмыс істейтінін дәлелдеп отыр.

Мезгілдің ең құпияға толы кезі – түн. Ақын-жазушылардың көбісі өз шедеврлерін дәл осы уақытта туғызады. Дәл осы мезгілде Құдай әлемге әмiрiн жаяды.

Ал енді адам баласының жарық дүние есігін ашатын және жабатын кезі неге түн ауа, таң сарғая өте жиі болады?
Тәуліктің әр сағатының өз биоырғағы бар. Мәселен, таңғы сағат 8-де дәрігерлер кім-кімге де аздаған болса да арақ ішуге тыйым салады. Дәл осы уақытта «ащы су» бауырды бірден «отырғызып» тастайды екен. Ал түнгі 01.30 бен 02.30-дың арасы «соқыр мезгіл» делінеді. Көздің көру қабілеті ең төменгі шегіне жететін шақ. Бұл кезде кітап оқымаған және көлік жүргізбеген жөн.
Биоырғақтың бәрінің ғарышпен байланысы бар. Тәуліктік биоырғақтар Жердің өз осін айналуына байланысты. Сондықтан да планетамызды мекендейтін тірі организмдердің бәрінің өз биоырғағы бар. Жан-жануардың да, жорғалаған жәндік-пәндіктің де, ұшқан құстардың да биосағаттары адамдыкіндей.
Ертеде таңның хабаршысы атанған Әтеш неге дәл бір уақытта шақырады? Әтеш сағат пайда болмай тұрған заманның өзінде адамды ұйқыдан оятқан. Бұл – биосағат.
Сол сияқты аналардың түн жарымынан сағат таңғы 4-ке дейін өте жиі босанатыны ғылыми дәлелденген жайт. Сондай-ақ түнгі сағат 4-тің кезі адамдардың ең көп ажал құшатын мезгілі екені дәлелденген.
Мұсылмандардың түнде тұрып оқитын таһажжуд деген намазы бар. Таһажжуд сөзі – түнде намаз оқу, яғни ғибадат жасау мақсатымен түннің бір уағында ұйқыдан оянып екі бас намазға тұру дегенді білдіреді. Пайғамбарымыз сүннет намаздардың ең қайырлысы әрі адамды Аллаға барынша жақындататын осы түн жарымында ұйқыны бұзып оқылатын намаз екенін әрі түн жарымында тілек-дұғаның қабыл болатынын айтқан.
Дәрігер ғалымдар осы түнгі намаздың медициналық тұрғыдан адамды инфаркт алудан сақтайтын бірден-бір ем-дәрі екенін бір ауыздан мойындаған. Мәселе мынада, түн жарымында ұйықтап жатқан адамның денесі өзінің босаңситын шегіне жетеді: жүрек 10 дүрсілге кем соғады, демнің алмасуы 1,0-ге баяулайды, зат алмасу баяулағандықтан дене қызуы 1,00С-ке түседі, қан қысымы төмендейді.
Міне, медициналық тұрғыда дәл осы кез адам денсаулығы үшін қауіпті шақ саналады, себебі бұлшық еттер босаңсып, қан тамырлары кеңіген шақ, қан өте баяу ағады. Осындай кезде жүрек өзінің қан айдайтын негізгі функциясын әрең атқаратындық­тан, қанның тамырда тұрып қалуы мен ұюына қолайлы жағдай туады.
Осындай түн жарымында, әсіресе, жасы ұлғая бастаған адамның ұйқыдан тұрып дәрет алып, намазға тұрып Құдайға жалбарынуы қан айналысын қалпына келтіріп, организмге тыңнан қуатты күш береді, тән мен жанға жеңілдік береді.
Мұны ғылыми факті де бекіте түседі: әлем бойынша мұсылман мемлекеттерінде инфаркт пен инсульттан болатын өлім мен мүгедектік басқа елдерге қарағанда төмен екені дәлелденген жайт.
«Әр түнде бір сәт бар, Алладан не сұрасаң сол тілегің қабыл болатын» деген хадис те түннің сырлы ғажайыптығынан хабар береді.
Толық тыныштық, толған ай кім-кімді де шабыттандырары анық. Маяковский трамвайда келе жатып өлеңді жақсы жазса, Эйнштейннің басына небір тың жаңалық дәл душтың астында жуынып жатқанда келеді екен. Десек те, шығармашылық адамдарының басым көпшілігіне шабыттың кешке және түнге қарай жиі келетіні дәлелденген. Ақындардың көбісін мұңлы муза түнде мазалайды.
Жаратушы небір ғажайыптарды түнге жасырған. Бұған мысал ретінде Исламдағы мүбәрак түндерді алайық.
Ережеп айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп аталады. Ал, 27-түні – Миғраж түні. Миғраж кезінде Пайғамбар көкке көтеріліп, оның алдынан ашылған ғаламның сансыз кеңістігін оған дейін де және одан кейін де ешкім көрмеген. Мұхаммед пайғамбар Жебірейіл періштенің өзі ары қарай көтеріле алмаған жерге дейін жеткен. Алдынан перде ашылып, Алланың жаратқан сансыз нығметтерін өз көзімен көрген. Уақыт пен кеңістіктен тыс Құдайдың өзі Оған тікелей тіл қатқан.
Шағбан айының он бесінші түні «Бәрат түні» деп аталады. Бұл түні адамның бір жылдағы ризық-несібесі, бай немесе кедей болатыны, сау немесе ажалының келуі белгіленеді. Яғни бір жылдық тағдыры анықталатын түн.
Рамазан айының 27-сі – Қадір түні. Құран осы түні Пайғамбарымызға түсе бастаған. Міне, түннің сиқыры, ғажайыбы деген – осы!
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев түннің сиқырлы сазына елтіп, түннің тылсым қасиетін жан-жүрегімен сезінген ақын. Оған оның мына өлеңі куә:

Түн менің ұйқым үшін жаралмаған,
Түн келсе, түйсік түсіп, алаң болам.
Іздеймін жоқтарымды таба алмаған,
Аңсаймын жерлерімді бара алмаған.


Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін,
Неше жылым өтті екен, неше күнім?
Қаншама ойлар қалды қаза болып,
Жастығымның астында, төсегімнің?


Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.
Қанша менің өлді екен уақытым
Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

Расында да, адамның түн құшағына сүңгіп, жыпырлаған жұлдыздарға көз тігіп, жиі-жиі тұңғиық ойға бататыны несі екен, а! Бәлкім, адамзат баласының есіне есте жоқ ескі заманда жоғалтқан жұмағы түсетін болар.
Адамның саз балшықтан жаратылғаны, яғни Жермен байланысты екендігі белгілі болғанымен, адам әуел бастағы өмірін Жұмақта бастаған. Бүкіл адамзаттың арғы ата-анасы – Адам ата мен Хауа ана Жұмақта тұрып, кейін Жерге аттандырылған. Олардың балалары Жерде дүниеге келіп, адамзаттың ұрпағына Жердегі қатал өмірге ұзақ уақыт бейімделу қажет болғанын сәбидің дүниеге мүлдем қорғансыз келетін фактісі растап тұр. Үлкендердің аялы алақаны мен қамқорлығынсыз ешбір нәрестенің тірі қалуы мүмкін емес.
Кез келген адамға өмір сүріп отырған планетамызда өзіне де беймәлім бір нәрсенің жетпей тұратыны анық. Ол сірә, о баста Адам ата мен Хауа ана өмір сүрген жайлы Жұмаққа деген тартылыс пен ұмтылыс болар. Жұмақта болмасақ та, көрмесек те, генетикалық тұрғыда біздің сана-сезімімізде Жұмақ туралы естелік сақтаулы.
Содан болар, бізді үнемі жерден тыс белгісіз ғарыш жақ ынтықтырып, өзіне қарай ұдайы тартады да тұрады. Бірақ нені аңсайтынымызды тілмен айтып түсіндіре алмаймыз. Сондықтан жұлдыздар жыпырлаған түнгі аспанға үнсіз телміреміз. Біздің галактика – Құс Жолының өзінде 200 миллиард жұлдыз бар деседі. Құс Жолына ең жақын көрші галактика Андромедте 1 триллион жұлдыз бар екен. Галактикалардың әзірге анықталған ең үлкенінде 100 триллион жұлдыз бар. Оқымыстылар әзірге шамалап отырған 100 миллиард галактика бар десек, оларда қанша жұлдыз барын есептеп шығаруға біздің білім-білігіміз жет­пейді, оны математиктердің үлесіне қалдырайық. Бізге қалатыны – осынау алып та алыс әрі сан жетпейтін галактикада адамзат жалғыз өмір сүріп жатыр ма деген қалың ойға берілу. Он сегіз мың ғаламға қиялмен ой жүгіртіп көруге болар, бірақ түсінуге адамның миы жетпейді. Ғарыш әлемінің осы жұмбақтығының өзі тікелей Ұлы Құдіретті нұсқап тұр. «Табиғат кітабына үңілген сайын, біз, астрономдар, Құдайға құлшылық қылуымыз керек» депті математик әрі астроном Иоганн Кеплер.
Түн – адамның түрлі түс көретін ғажайып мезгілі. Қаншама ой келетін, сиқырлы шабыт келетін тылсым уақыт. Құдаймен қауышуға таптырмайтын оңаша сәт. Ғашықтар үшін ең қолайлы шақ. «Ғашықтардың қалай ұйықтайтынына түсінбеймін» депті бір ғұлама. Жаратушының жамалына ғашық адам жақсы ойларын ешқашан ұйқыға бастырмайды...

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста