Таң намазын уақытында оқи алмасаңыз...

Таң намазын уақытында оқи алмасаңыз...

Әсілі ұстаздар мен олардың жазып жүрген еңбектерінен Таң намазын оңайлықпен қаза етпеу керектігін білеміз. Осы себепті Күн шықпай, уақытында оқуға мән береміз. Дегенмен кейде ғапылдықпен ояна алмай, кейде ғұсыл алу керек жағдайлармен кешіктіріп, уақытында оқи алмайтын жағдайлар кездеседі. Сөйтіп Күн шығып кетіп жатады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Күн шығып кеткен жағдайда намазды қайтеміз? Сүннетімен оқимыз ба, сүннетсіз оқимыз ба? Жоқ, оның қазасы өтелуі тиіс пе? Осы тұрғыда аз-кем әңгіме қозғасақ.

Расында да Таң намазы намаздардың арасындағы өте маңыздысы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) уақыттардың ең абзалы ретінде Таңғы намаздың құндылығын мына өткір сөзімен білдірген:

«Таңғы уақытта оқылған екі рәкат намаз әлемдегі және әлемдегі барлық нәрседен де қайырлы».

Неліктен әлемнен және әлемдегі барлық нәрседен қайырлы? Өйткені әлем де, ондағы дүние-мүлік те мәңгілік өмірде пайдаға аспайды. Ал оқылған екі бас намаз дүниедегі нәрселерден артық пайда береді әрі иесінің тозақтан құтылуына, жұмаққа баруына себеп болады. Айтқандай, дүниеде небір байлыққа бөккен, бірақ құлшылық жасамағандар о дүниеде тақыр кедейшілік тартады. Олар ғибадатын мүлтіксіз атқарып, жұмаққа барғандарға қызыға қарайды. Шіркін, біз де осылар секілді құлшылығымызды атқарсақ етті деп өкінеді.

Байлығы оларды құтқара алмайды, алайда екі бас намаздары оларға көп пайда әкеледі. Ендеше, өте-мөте жаздың қысқа түндерінде ерте жатып, ерте тұру керек. Күн шықпай тұрып, әлемдегі барлық нәрседен артық Таң намазын уақытында оқыған жөн. Алда-жалда түнде ғұсыл алу қажет жағдай туындаса, Таң намазын өткізіп алмайтындай мөлшерде ұйықтап тұруда сөкеттік жоқ. Ол үшін ұйықтаған адам ерте тұрып, ғұсыл алып, намазын Күн шықпай тұрып, қазаға қалдырмай, уақытында оқуы тиіс. Бұған қоса, пендешіліктер де кездеспей қалмайтынын жасыра алмаймыз. Сондайда қанша қаласа да ұйықтап қалып, Күн шығып кеткеннен кейін оянғанда не істеу керек?

Бұл жағдайда болды, бітті деп орынсыз таусылған да жөн емес, әрине. Бұндай жағдайда бірінші кезекте мынандай істер істелуі керек: Күннің тууымен басталған (қырық бес минуттық) карахат уақыт (намаз оқылмайтын уақыт) өткеннен кейін түстің карахат уақыты кіргенге дейінгі уақыт ішінде сүннетімен бірге парызды дереу қаза еткен жөн. Бұндай жағдайда не болады? Тым болмаса, намазды уақытында оқи алмау күнәсына душар болған жан кешіктіру күнәсына жол бермейді. Дереу қазасын өтеп қарыз болып қалу міндетінен құтылады. Бұндай жағдайда мынаны ескеру керек: намазды уақытында оқи алмаған адам бұған іштей қатты өкініп, қабырғасын қайыстырған ауыр жүкті сезінуі тиіс. Намазын дереу қаза ету арқылы сол жүктен тезірек арылуға тырысуы қажет. Өйткені мына жайт өте маңызды: егер адам уақытында атқармаған құлшылығы үшін өкінбесе, іштей мазасызданбаса, бұл жағдай аса қауіпті. Ол жақсылықтың белгісі емес. Неге десеңіз, іштей өкініш сезінген жан бұндай келеңсіз жағдайға қайта душар болғысы келмейді. Сол үшін де құлшылығын уақтылы атқаруға барынша тырысады. Өкінбесе, бұндай талпыныс жасамайды. Онда күнәсына жеңіл қарайды. Күнәға жеңіл қараған адам жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) мынандай өткір ескерту жасаған:

«Мүмин күнәсін үстіне құлап кетуі мүмкін тау секілді көреді, сақтығын жасайды. Ал екіжүзді болса, мұрнының ұшына қонған шыбын секілді қарайды, мән бермейді».

Күнәм үлкен деп білу оны қайталамауға ынталандырса, оны елемеу сол күнәны қайта жасаудан сақтандырмайды. Осы айырмашылықты үнемі есте ұстаған дұрыс.

Ахмет Шахин

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста