Тақуалықтың шыңы

Тақуалықтың шыңы

Қаңтар айының қабағын түйіп,қаһарын шашқан күндерінің бірінде Франциск (Тарих беттерінде Франциск есіміне байланысты тұлағалар көп.Нақты кім жайында екендігі белгісіз) Лев атты бауырымен Порционкюлю елді мекеніне жол тартады. Кешке қарай ұшқындай жауған қардың арты боранға айналып, қарлы бұрқасын ызғар шашып, екі жолаушы ықтасын іздей бастаған шақта Франциск бауырын шақырып « Лев бауырым, егер біздің құдай жолында жүрген бауырларымыз төрткүл дүниеге түгелдей ала жіпті аттамайтын адалдықтың, ар мен ұятты серік ететін имандылықтың үлгісі бола білсе де ол - тақуалықтың шыңы емес екендігін жазып қой» дейді.
Табандары мұзға тайғанап, өздерін буырқанған боран қақпақылдап келе жатқан жолаушылардың жүрісі өнімсіз.Жол мақсаты жету болғаннан кейін жәй болса да жылжып келе жатқан тірлік дерсің.
«Лев» деп ұстаз шәкіртін тағы да шықырды. «Егер біздің бауырларымыз әлемдегі барлық халықтардың тілін біліп, осы күнге дейін адамзат баласы қол жеткізген ғылымдарды меңгеріп, болашақты болжап қана қоймай кез келген адамның ішкі жан дүниесін біле алатын дәрежеге жетсе де ол - тақуалықтың шыңы емес. Осыны да жазып қой» деді.
Тізеден келер сіреу қар сіресіп әр қадамына қақпан құрғандай жолаушылардың сілікпесін шығарды. Адымдап аттау үшін алапат күш жұмсау қажет. Асу –асу белдер тұрмақ тақиядай төбеге шығудың өзі оңай болмады. Қабақтарына қар, кірпіктеріне мұз қатты. Ақ түтек боранда бір-бірлерінен адасып қалмау үшін белдеріне арқан байлап бір ізбен жылжып келеді. «Тағы да жазып қой» деді ұстаз. « Егерде біздің бауырларымыздың сілтегені ем, үшкіргені дем болып барлық аурудың шипасын білсе де, зағиптың көзін, кереңнің құлағын ашып, мылқауға тіл бітірсе де, тіпті қайтыс болған адамды қайта тірілте алатын болса да ол -тақуалықтың шыңы емес».
Ал қаңтардың шұнақ аязы күн бата құтырынып күшіне ене бастағандай. Түкірік жерге түспей қатып жатыр. Қайтсемде жүргізбеймін,бір жерде қаңтарамын деген серті бардай. Ұстаз да айтып үлгерейін дегендей шәкіртін ымдап шақырып «Лев бауырым, жаз» деді. «Егерде біздің бауырларымыз періштелердің тілінде сөйлеп, аспандағы жұлдыздардың сырын, жер астындағы байлықтың құпиясын ашса да, аң мен құстың тілін біліп, табиғаттың барлық тылсым тұстарын түсінсе де ол - тақуалықтың шыңы емес».
Алай түлей боран көз ашытарар емес.Барар жерімізге жете аламыз ба, әлде айдалада үсіп өлеміз бе деген ой анда - санда жылт етіп санаға саңылау тауып кіре бастады. Осындай ақ шұнақ боранда адасқан адамды табамын деп, есі бар кісі іздеп шықпайтыны да белгілі. Қалай болғанда да тоқтамау керек. Басқа амал жоқ. Аяққа ажал лебі оралып жатса да жолаушылар баяу жүрісін тоқтатпады. Алыстан қасқырдың ұлыған үні естілді. Үрейленген шәкірт елең етіп шынымен қасқыр ма деп тоқтай қалғанда «Лев» деп шақырған ұстаздың даусы қасқырдың үнімен қатар естілді. «Жазып қой» деді. «Егерде біздің бауырларымыз әлемдегі барлық халықты имандылыққа ұйытып, дінсіздерді дінге кіргізсе де – ол тақуалықтың шыңы емес».
Тісі-тісіне тимей тоңып, аяздан дірілдеп тұрған шәкірттің шыдамы шегіне жетсе керек осы кезде «Иә, ұстаз! Тақуалықтың шыңы дегеніміз не?» деп сұрады.
«Сапарымыз сәтті болып елді мекенге жетсек. Бір ажалдан қалдық деп қуанып жолдағы кездескен үйдің есігін қағып қонып шығуды өтінген кезде ол үйдің қожайыны «Не іздеп жүрген қаңғыбассыңдар. Дін таратамыз деп тыныш жатқан елді ала тайдай бүлдіріп жүрген сендер сияқтыларға жайылып төсек, жиылып жастық болар жайым жоқ. Кетіңдер!» деп қуып жіберсе. Міне сол кезде біз ол үй иесіне мүлдем реніш білдірмей мұны айтқызып тұрған Жаратушы ғой деп сабыр сақтасақ. Қалшылдап, дірілдеп,тоңып далада қалсақ та қыйындыққа мойымай, күйіктен қирап қалмай сабағы ащы сабырдың тәтті жемісі әйтеуір бір нәсіп боларына сенсек міне - тақуалықтың шыңы осы» деп жауап береді.

Эпиктет

Лев Толстойдан аударған Жұмахмет Жайлаубаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста