Ташкентте қасиетті Құран кітабын алу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото)
Өзбекстанның интернет-басылымдары мен әлеуметтік желілерінде Құран кітабын сатып алу үшін кезекте тұрған адамдардың суреті тарады. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қасиетті кітап Ташкент қаласында басылған. Кітаптың кезекті даналары 11 қаңтар күні сатылымға шыққан екен. Дәл сол күні Өзбекстан астанасы мен басқа қалаларында Құранды сатып алу үшін жүздеген адам кезекке тұрыпты.
Хабарланғандай, қасиетті кітап марқұм шейх Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф негізін қалаған "Хилол" баспасынан жарық көрген.
Бағасы 35 мың сумды (шамамен 3,7 АҚШ доллары) құрайды.
Өзбекстанда бүгінге дейін Парсы шығанағы елдерінде басылып шыққан Құран кеңінен тараған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу