«ТӘУБӘ» СҮРЕСІ НЕГЕ «БІССМІЛЛӘСІЗ» БАСТАЛАДЫ?
«Тәубә» сүресі &ndash Құранда Алланың атымен басталмайтын жалғыз сүре. Неліктен «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын» деп айтылмайтындығы жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікір бар. 
 
Бірі «Нәмл» сүресінде «Бісміллә» сөзінің екі рет қайталануы себепті, «Тәубә» сүресінде айтылмады дейді. «Нәмл» сүресінің басы «бісмілләмен» басталып, 30-аятта қайталанады. Тағы бірінің пайымдауынша  алғашқы аяттың бастапқы әріпі «Бә», «Бісмілләнің» орнын басады.
 
Келесі бір ғұламалар бұл сүреде мұсылмандардың мазасын қашырған мүшіріктер мен екіжүзділерге қарсы айтылған ескерту болғасын «Бісмілләсыз» басталған, себебі араб халқында тайпалар арасындағы келісімді бұзу үшін хат жібергенде оған «Бісміллә» жазбайтын болған.
 
Ол жөнінде Ибн Аббастан жеткен хадисте: «Бісміллә &ndash бейбітшілікті білдіреді. Ал Бараа (Тәубә) сүресі соны бұзу үшін түсірілген», &ndash делінген.
 
Өйткені, сүреде мұсылмандармен жауласқан мүшріктерге қарсы соғысуға рұқсат етілген.
 
Сондықтан соғысуға рұқсат етілген сүре, мейірімге толы «Бісміллә» сөзімен басталмауы тиіс деп ұйғарылған. Дұрысы Аллаға аян!