Тәубеміздің қабыл болуының 3 шарты
Адам өзінің жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе етуі тиіс. Бұл өмірдегі күнәлар үшін ақыретте жауапқа тартылатынымыз белгілі.
Ал тәубеміздің қабыл болуының мынадай шарттары бар:
1. Сол істі екінші ешқашан жасамау
2. Істелген күнә үшін өкініп, шынайы кешірім тілеу
3. Ол істі қайта жасамауға уәде беру
Ал егер күнәлі істен өзгелер де жапа шеккен болса, аталған үш шартпен қоса зиян келген адамнан кешірім сұрау керек. Материалдық зияндардың орнын толтыруға тиіс.
Алла тағала Өзінің Қасиетті Кітабында былай бұйырады: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп), бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер» («Нұр» сүресі, 31-аят).
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу