Тәубесі қабыл болғандар...

Тәубесі қабыл болғандар...

Бұрынғы өткен қауымдардың ішінде әрдайым күнә істейтін бір кісі болған. Сол кісі күндердің күнінде серуендеп жүріп, күнәларын есіне алады. Сосын: «О, Раббым, Сенің жарылқауыңнан үміт етемін» деп тәубе етеді.

 

 

Сол сәтте дүниеден өтеді. Қайтыс болар алдында тәубе етіп, Алладан жарылқау сұрағаны, ниетінің түзулігі үшін Алла Тағала оның тәубесін қабыл етті. Хазіреті Әлиден риуаят етіледі: «Маған Абу Бакр (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқан мына сөзін жеткізді: «Бір пенде бір күнә іс істесе, сосын дәрет алып екі рәкәғат намаз оқып, Алладан күнәсінің кешірілуін сұраса, Алла Тағала оның күнәсін кешіреді»,-деді де мына аятты оқыды - «Кім бір жаман іс істесе немесе жанына зұлымдық етсе, содан соң Алла Тағаладан жарылқауын сұраса, Алланың жарылқаушы және мейірбан екенін көреді». Әрбір адам баласы Алла Тағалаға әр күні және әр уақытта тәубе етуі керек. Абу Бакр Сыддық (р.а.): «Кісі күніне 70 мәрте күнә істеп, кейін кешірім сұраса, ол күнә мәңгілік емес» деп айтқан. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Аллаға ант етемін, мен әр күні 100 мәрте тәубе етемін» деген. Аллаға зікір етіп, тәубе жасауды намаздан кейін жалғастырса болады. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз соңында Аллаға тәубә етіп отыруды әдетке айналдырған абзал. Ондай амалды күнделікті орыдаған адамның иманы артып, күнә істері де азая түсері хақ. Хасан Басри (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алла Тағала Ібілісті жерге түсірген уақытта Ібіліс: «Я, Раббым, Сенің құдіретіңмен ант етемін, мен адам баласынан оның рухы денесінен ажырағанға дейін қасынан кетпеймін (азғырамын)» деді. Сонда Алла Тағала Ібіліске: «Менің құдыретім және ұлылығым сол &ndash пендемнен тәубені өліммен келе жатқан уақытында да тоспаймын» деген. Хасан Басриден: «Кісі күнә істеп, тәубе етеді, сосын күнә істеп тағы тәубе етеді. Бұл қашанға дейін жалғасады?» деп сұралды. Сонда ол кісі: «Мұны мұсылмандардың мінез-құлқынан деп білемін» деген екен. Яғни, мінезін түзетіп, жақсы амалдарын арттырған адам, бір күнәні қайталамауға әрекет етеді. Соның нәтижесінде ол адамның мінезі де көркем бола бастайды. Тәубесі де артады. Иманы да күшейеді. Мұсылман ғұламаларының бірі былай деп айтқан екен: «Мұсылман адамның бойында мынадай қасиет болу керек: Ол Алланы еске алса &ndash мақтанады, егер өзін еске алса &ndash төмен болады. Егер Алланың аяттарын қараса &ndash ғибрат алады, егер күнәға немесе шәһуатқа ниет етсе өзін одан алып қашады. Алланың кешіруші екенін ойласа &ndash қуанады, өзінің күнәларын ойласа &ndash жарылқау тілейді».

 

 

Фақиһ (р.а.): «Бір күні хазіреті Омар (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) құзырына жылап келді. Алла елшісі (ﷺ): «Е, Омар неге жылайсың?» деп сұрады. «Я, Расулуллаһ, көшеде бір жігіт менің жүрегімді күйдірді» деді Омар (р.а.). Пайғамбар (ﷺ): «Ол жігітті менің алдыма алып кел»,- деп бұйырып, әлгі жігіт келгенде &ndash «Сені не жылатып жатыр, ой жігіт» деп сұрады. Жігіт: «Мен Алланың азабынан қорқамын» деді. Пайғамбар (ﷺ): «Аллаға серік қостың ба?» деп сұрағанда «Жоқ» деді әлгі жігіт. «Жазықсыз адам өлтірдің бе?» деп сауал қойды Алла елшісі (ﷺ). Тағы да «жоқ» деген жауап берілді. Сонда Алла елшісі (ﷺ): «Әлбетте, Алла Тағала сенің күнәларыңды кешіреді, егер осы күнәң жеті қабат аспандай, жеті қабат жердей, биік таулардай болса да», - деді. Жігіт: «Ей, Алланың елшісі, менің күнәм осылардан да үлкен» деді. Сонда Пайғамбар (ﷺ): «Сенің күнәң «Күрсіден» де ауырырақ па?» деп сұрады. Жігіт: «Одан да ауырырақ» деді. Алла елшісі (ﷺ): «Аршыдан да ауырырақ па?» деп сұрады. Жігіт тағы да «одан да ауырырақ» деп жауап қатты. Сонда Алла елшісі (ﷺ): «Не күнә істедің? Маған айтшы» деді. Жігіт: «О, Алла елшісі, мен Сізден ұяламын» деді. Пайғамбарымыз екі мәрте сұраған соң, жігіт істеген күнәсін былай деп айтқан екен: «Я, Расулуллаһ», мен жеті жыл бойы қабірлерді ашып, кебіндерді алумен шұғылдандым. Бір күні Мединалық қыздардың бірі қайтыс болды. Оның қабірін аштым да, оны кебіннен шығарып алдым. Аз ғана уақыт өтпестен шайтан нәпсімді жеңіп, сол қызбен қосылдым. Сол уақытта қыз тұрып. «Саған Алланың азабы болсын, ей жігіт. Қиямет күні Алладан ұялмайсың ба? Сол күні үкім үшін амалың таразыға қойылады, зәбір көргендерге залымдардан ақысы алынады. Бұл өліктер Отанында (қабірстанда) мені жалаңаш тастап кетіп барасың. Алланың құдіреті алдында мені жүніптік күйге түсірдің»,-деді». Бұл жауапты естіген Пайғамбар (ﷺ) орнынан қарғып тұрып, жігітті желкесінен ұстап тұрып, итеріп жібереді де: «Ей, бұзық, сенің тозаққа кіруіңе мұншалықты күнәң бар екен, менің алдымнан кет» дейді. Жігіт Алла Тағалаға 40 күн бойына тәубе етіп шығады. Қырық күннен соң: «Ей, Мұхаммедтің, Адам ата мен Хауа анамның Раббысы, егер мені кешірсең Мұхаммед пен оның сахабаларына білдір, егер білдірмесең аспаннан от жіберіп, мені өрте және ақырет азабынан құтқар» деп дұға етті. Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдына келіп, сәлем беріп: «Раббыңыз Сізге сәлем айтты және Алла Тағала Сізден: «Бүкіл әлемдегі мақұлықты сен жараттың ба?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жоқ, мені және барша мақұлықты Алла жаратты», - деді. Жәбірейіл (ғ.с.): «Раббыңыз: «Оларға ризықты сен бердің бе?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбар (ﷺ): «Оларды және мені Алла ризықтандырды». Жәбірейіл (ғ.с.): «Раббыңыз: «Олардың тәубесін сен қабыл етесің бе?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбар (ﷺ): «Менің де олардың да тәубесін Алла қабыл етеді»,- деді. Сонда Жәбірейіл періште: «Раббыңыз ол пенденің тәубесін қабыл еттім» деді»,-дейді. Осыдан соң Алла елшісі (ﷺ) әлгі жігітті шақырып алып: «Алла Тағала сенің күнәңді кешірді және тәубеңді қабыл етті», - дейді. Осы хадис жайында Фақиһ (р.а.): «Бұл хабарға ақылы бар адам өте қатты мән беруі керек. Әлбетте өлікпен ойнастық қылғаннан тірілермен ойнастық қылу ауырырақ күнә. Өйткені, жаңағы жігіттің күнәсін Алла Тағала кешірдім деп білдірген» дейді. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Тағала өзінің кәләмінде: «Ей, иман келтіргендер, Аллаға шын жүрекпен иман келтіріңдер» делінген. Тәубә ету дегеніміз &ndash шын жүрекпен істеген күнәсіне өкіну және тілмен кешірім сұрау. Сонымен қатар, ешқашан ол күнәні істемеймін деп жүрегіне бекіту» деген. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Тілімен кешірім сұраушы, кейін сол күнәні қайта істеуші кісі, Раббысын мазақтаушы сияқты» деген.

 

 

Бани Исраилда бір патша бар еді. Күндердің күнінде ол патша өзінің халқының ішінде көп ғибадат істеуші бір кісі бар екенін естіп, оны шақыртып алады. Содан ол кісіге: «Сен менің сұқбатымда боласың. Менің үйімде тұрасың»,- деп талап етеді. Содан әлгі ғибадат етуші адам: «Ей, патша, егер де бір күні сенің үйіңе кіріп, сенің күңіңмен ойнап отырғанымды көріп қалсаң не істейсің?» дейді. Патша ашуланып: «Ей, бұзық, маған осы сөзді айтуға қалай батылың барды?», - дейді. Сонда әлгі кісі: «Менің құдыретті Раббым бар, менен бір күнде жетпіс күнә көрсе де ашуланбайды. Есігінен қуып шығармайды. Мені ризығымнан да махрұм етпейді. Мен енді әлі күнә істемей тұрып, маған ашуланған адаммен бір үйде қалай тұрамын» деп, патшаның үйінен шығып кеткен екен. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім мүминді бұзық іспен айыптаса, осы адамның өзі сол істі істегені сияқты болады» деген. Алла Тағала осы айыптаушыны сол іске түсірмей қоймайды. Фақиһ (р.а.) айтады: «Әлбетте мүмин күнә істеуді ниет етпейді және оны сүймейді. Өйткені, Алла Тағала сіздерге кәпірлікті және бой ұсынбай қарсы болудың жаман екенін көрсетіп қойған. Егер мүмин бір күнәні істесе күнә екенін білмеген күйде істейді. Ол күнәлармен мүминді айыптауға болмайды, егер ол тәубе етсе», - деген.

 

 

Абу Хурайра (р.а.): «Бір күні құптан намазынан шығып бара жатсам, жолда бетін оранған бір әйелді көрдім. Ол әйел: «Ей, Абу Хурайра, мен ауыр күнә істедім. Тәубе етсем болады ма?»,-деп сұрады. Мен: «Қандай күнә істедің?»,-деп сұрадым. Әлгі әйел. «Ойнас істедім және сол ойнастан туған баланы өлтірдім»,-деді. Мен оған: «Сен оңбапсың, оңбапсың, Аллаға ант, саған тәубә жоқ» дедім. Ол әйел қатты бақырып талып қалды. Мен кетіп қалдым. Кейін өзіме келіп, арамызда Расулуллаһ жүргенде мен қалай фәтуа беремін деп ойлап, таң намазында Расулуллаһқа болған жайды айтып, өзімнің шығарған фәтуамды айттым. Сонда Алла елшісі (ﷺ) айтты: «Біздер, Алланыкіміз. Әлбетте Аллаға қайтушымыз. Сен, ей, Абу Хурайра, оңбапсың және оңбапсың, сен бұл аят түскенде қайда едің? «Сондай-ақ, кім тәубе етсе және иман келтіріп, игі амалдар істесе, енді Алла міне солардың жамандық күнәларын жақсылық сауаптарға айналдырып қояды». («Фурқон» сүресі, 70-аят). Содан соң, мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) жанынан шығып, Мадинаның көшелерінде жүріп, «кешегі менен фәтуа сұраған әйел қайдасың?» деп айқайлап іздедім. Кейін түнде сол әйелді бұрыңғы жол үстінде кездестіріп, Алла елшісінің (ﷺ) айтқандарын жеткіздім. Ол әйел қуанғанына айқайлап жіберді де «Менің бір бау-бақшам бар, сол бақшамды істеген күнәларымның кәффараты үшін жетім-жесірлерге садақа қылып беремін» деді», - деп өз басынан өткен жайды жеткізеді. Осыған байланысты,  Ибн Масғұд (р.а.): «Адам қиямет күнінде өзінің амал дәптеріне қарайды. Әуелі күнәларын көреді, содан соң жақсылықтарын көреді. Кейін тағы бірінші қараған жерін қараса, ол күнәлардың барлығы сауапқа айналады» деген.

 

 

Құрметті жамағат, біз әрдайым біліп жүруіміз керек. Күпірліктен ауырырақ күнә жоқ. «Әнфал» сүресінің 38-аятында Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, кәпірлерге айт, егер (күпірліктен) тоқтаса, өткен күнәлары кешіріледі де». Хасан (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (ﷺ): «Егер сіздерден біреулеріңіз аспан мен жердің ортасын толтыратындай күнә істесе, кейін тәубе етсе, Алла Тағала оның тәубесін қабыл етеді». Язид Раккаший айтады: «Бірде Абу Хурайра Расулуллаһтың мінберінде тұрып хұтба оқыды. Хұтбада: «Алла Елшісінен (ﷺ) естідім. Адам, Алла Тағала үшін махлұқтардың ең құрметтісі. Алла Тағала қиямет күнінде оған үш кешірім айтады:  «1. Ей, адам, Мен өтірікшілерді лағнеттемегенімде және өтірікті жаман  көрмегенімде, әлбетте сенің бүкіл ұрпағыңа рақым етер едім. 2. Ей, Адам, Мен сенің ұрпағыңнан ешкімді тозаққа кіргізбеймін, егер ұрпағыңның бір тобын дүниеге қайтарсам, әлбетте ол дүниеде жаман істерді қайтіп істейді. Кейін бұл жаман істен қайтпайды, тәубе де етпейді. Міне, осыларды ғана тозаққа кіргіземін. 3.Ей, Адам, Мен сені өзім және ұрпағыңның ортасына қазы етіп қоямын. Таразының алдына тұр және олардың амалдарынан саған не жетуін көр. Кімнің жақсылық амалдары ауыр келсе, оған Жәннат, тіпті мен тозаққа тек қана залымдарды кіргізетінімді білерсің» дейді. «Сәжде» сүресінің 13-аятында: «Мен жақтан бұл сөз шын болған. Мен жәһаннамды (кәпір) жындар, (дінсіз) адамдардың барлығымен толтырамын» деген.

 

 

Айша анамыз «Пайғамбарымыздың (ﷺ): жазылған күнәлар үшеу:  1 &ndash Алла кешірмейді; 2- Алла кешіреді; 3-Алла ол нәрседе ешнәрсеге тимейді» деп айтқанын риуаят еткен.

 

 

Алла кешірмейтін күнә &ndash Аллаға серік қосу. «Әлбетте, кімде-кім Аллаға серік қосса, Алла оған Жәннатты харам етеді және (олардың) баратын жері тозақ» («Маида» сүресі, 72-аят).

 

 

Кешіретін күнә &ndash Пенде өз жанына зұлымдық етуі (яғни, күнә істеп, бірақ ол күнәдан басқалар зардап шекпесе).

 

 

Пендерлердің бір-біріне істеген жаманшылығы және зұлымдығы. Олар бір-бірін кешірсе, Алла Тағала оларды кешіруші.

 

 

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әлбетте қиямет күні махлұқтардың құқықтары өтеледі (яғни, бір-бірінен өш алынады), тіпті мүйізсіз қой үшін мүйізді қойды байлатып, оны сүздіреді. Пенде араздасқан кісілерін риза етуі керек. Егер күнә өзі мен Алла арасында болса, әлбетте Алла мейірімді, кешірім сұраса, Алла кешіруші. Егер, күнә өзі мен адамдар арасында болса, ол кісіні (яғни, зұлымдық көргенді) разы етуі керек. Ренжіткен адамды разы етпесе, оған кешірім сұрау, тәубе ету пайдасыз. Егер, бұл дүниеде разылығын алмаса, ақыретте оның жақсылықтарынан алынады» деген.

 

 

Мұхаммед ибн Сирин (р.а.): «Бір жақсылық істеп, сосын оны тәрк етуден сақтан. Өйткені, біреу тәубе етіп, кейін тағы күнә істеп құтылған емес. Тәубе етуші адам, өзінің ажалын екі көздің арасындай өте жақын екенін білу керек. Сонымен қатар, істеген тәубесіне берік болу және өткен күәларын ойлауы, истиғфарды көбейтуі керек. Тәубе сияқты ұлық нығметке лайықты болу үшін Аллаға шүкір ету керек. Қиямет күніндегі сауаптар туралы ойлау адамды ізгілікке үндейді. Қиямет күніндегі азаптарды ойлау, адамды жамандықтардан қайтарады», - деген. Абу Зар (р.а.): «Ей, Расулуллаһ, Мұса пайғамбардың кітабындағылардан маған хабар беріңізші» деп сұрағанда, Пайғамбар (ﷺ): «Онда мысалдар және ғибраттар бар» деген. Сонда ол: «Тозақтың бар екенін сенімен біліп, күліп жүргенге таң қалдым. Өлімнің шын екенін сенімен біліп, шаттанып, шаттықпен жүрген кісіге таң қалдым. Есеп-қисапты сенімен біліп, күнә істеп жүрген кісіге таң қаламын. Тағдырды сенімен біліп, дүниеге қапа болған кісіге таң қаламын. Дүниенің өткінші екенін біліп, дүниеге алданып, жайбарақат жүрген кісіге таң қаламын. Жәннатты сенімен біліп, игі амалдар істемеген кісіге таң қаламын»,-деп Шәһәда кәлимасын айтқан екен.

 

 

Балқаш қалалық орталық мешіті

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста