Тәурат пен Інжілде ақырзаман пайғамбары туралы айтылған хабарлар

Тәурат пен Інжілде ақырзаман пайғамбары туралы айтылған хабарлар

Исламнан бұрын да кітап иелері, яғни христиан және иудей дін өкілдері Пайғамбарымыз Мұхаммед салләллаһу аләйһи уә сәлләм жайында көп естіген. Өйткені, олардың қасиетті кітаптарында ол туралы анық мәліметтер болған және сол заманның пайғамбарлары мен дін ғалымдары ақырзаман пайғамбары жайында жиі ескертіп отырған.

Мысалы, Тәурат кітабында жақын болашақта жіберілетін пайғамбарлар туралы хабар берілген. Дәлірек айтқанда, Хақ Тағала Тәураттың екінші кітабының сегізінші тарауында ақырзаман пайғамбары жайында хабар айтып, Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын): «Осы пайғамбарлардың ішінен өзіңе ұқсас бір пайғамбар жіберемін, аузына сөзімді саламын, ол үмметіне мен бұйырған барлық нәрсені айтады. Ал, менің атымнан айтқан сөздерді тыңдамаған адамнан мен кек аламын...», – деді.

Қази Ғияд «аш-Шифа» атты кітабында айтуынша, Ата ибн Ясар Абдулла ибн Амр ибн Асдан Алла Елшісінің сипаттары жайында сұрағанда, Абдулла: Аллаға ант етемін, Пайғамбарымыздың Құранда келген кейбір сипаттары Тәуратта да айтылған: «Уа, Пайғамбар! Шын мәнінде, Біз сені (адамзатқа) куәгер, сүйіншілеуші һәм ескертуші етіп жібердік»[1], сауатсыз арабтарға қорған етіп жібердік. Сен менің құлым әрі елшімсің. Мен сені тәуекел етуші деп атадым. Сен дөрекі һәм қатал емессің, базарларда айқай-шу салып жүрмейсің. Жамандық істегендерден кек алмайсың, керісінше оларды кешіре білесің. Адасқан халық «Лә иләһа илләллаһу» демей, олардың ақиқатты көрмейтін көздері, естімейтін құлақтары және жабулы жүректері ашылмай бұрын Алла Тағала сенің жаныңды алмайды, яғни өлтірмейді.

Тегі еврей ұлтынан болып, сонан дінімізді қабылдаған Абдулла ибн Салам[2] мен Кағб әл-Ахбар (олардан Алла разы болсын) Тәуратта келген Пайғамбарымыз салләллаһу аләйһи уә сәлләмның кейбір сипаттары жайында былай баяндайды: «Ол базарларда шулап жүрмейді, ұятсыз сөзді аузына алмайды. Мен оны жақсы істерге беттеймін, барлық көркем мінездерге икемдеймін. Киімі байсалдылық, ұраны ізгілік, намысы тақуалық, сөзі даналық, табиғаты шыншылдық пен адалдық, қылығы кешірім мен жақсылық, өмір салты әділдік, ұстанымы ақиқат, басшылығы һидаят, ұлты Ислам, есімі Мұхаммед болады. Оның қолымен адасқандарды тура жолға саламын, тоқырауға ұшырағандарды көтеремін, аты белгісіздердің даңқын шығарамын, азғантай халықтың санын арттырамын, кедейді байытамын, алуан-алуан жүректерді, түрлі ұлттарды, көзсіз құмарлықтарды біріктіремін. Оның үмметін адамдар үшін шығарылған үмметтің ең қайырлысы етемін. Пайғамбарымыз салләллаһу аләйһи уә сәлләмның айтуынша, Тәуратта жазылған оның сипаттары хақында Хақ Тағала былай дейді: «Менің таңдаған құлым Ахмет Меккеде дүниеге келіп, Мәдинаға қоныс аударады, оның үмметі әрқашан Аллаға көп мақтау айтады».

Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Инжіл кітабында қауымын Фариқлит[3] атты пайғамбардың келуімен қуантты. Оның мағынасы Мұхаммед немесе Ахмет дегенге саяды. Бұл сөзді Құран Кәрім де растайды: «Сол кезде Мәриямұлы Иса: «Уа, Исраил ұрпақтары! Расында, мен сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі өзімнен кейін келетін Ахмет есімді елшімен сүйіншілеуші Алланың елшісімін», – деген-ді»[4].

Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) «Фариқлит» деген сөздің мағынасын түсіндіргенде, оның айтқан сипаттары тек біздің пайғамбарымызға ғана сәйкес келетінін аңғарамыз. Пайғамбарымыз салләллаһу аләйһи уә сәлләм туралы ол: «Ол әлемдегі сорақы істерді айыптайды, адамдарға барлық құқықты (ақиқатты) үйретеді. Өйткені, ол Жаратушы Иеміздің атынан тек естіген нәрселерді ғана сөйлейді», - деп айтқан. Бұл жайында Құран Кәрімде: «Ол (Мұхаммед пайғамбар) желіктен сөйлемейді. Ол (Құран) – тек (Пайғамбарға) түсірілген уахи ғана»[5], – делінген. «Барнаба[6]» атты Инжіл кітабында «ол жақында, әлемді надандық қараңғылығы қаптаған заманда пайда болды», деген сөзбен Пайғамбарымыз салләллаһу аләйһи уә сәлләмның есімі айқын айтылғандығы жазылған.

 

Хасан ТАШАЙҰЛЫ

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста