«Телегония» (алғашқы еркектің әсері) жайында шариғат не дейді?

«Телегония» (алғашқы еркектің әсері) жайында шариғат не дейді?

"Телегони" - алғашқы еркектің әсері деген теориядан туындаған дүние. Әйел кісі кіммен алғаш рет төсек қатынасына түскен болса, соның хромосомалық ізі әйел бойынан кетпей, басқа күйеуден тапқан ұрпағында да әсер қалдырады-мыс. XIX ғасырларда кең етек алған бұл гипотезаны, қазіргі ғылым дәлелсіз деп танып, жоққа шығарған[1].

Әрине, қатынасқа түскен еркектің белгілі мөлшерде хромосомасы әйелде белгілі уақыт қалатыны рас, бірақ, уақыт өтісімен ол хромосомалар өздігінен жойылады екен. Альберт Эйнштейн институтының ғалымы Роберт Гиллхамның зерттеуіне сүйенсек, әйелдің бойындағы еркектік «хромосаманың ізі» толығымен жойылуы үшін, 4 айдай уақыт қажет екен. Бұл – Құрандағы күйеуі өлген әйелдің иддәт күту мерзіміне сай ("Бақара" сүресі, 234-аят).

Шариғатта, күйеуі өлгеннен кейін немесе талақ айтылғаннан соң әйел кісі белгілі мерзім күтеді. Оны шариғатта «Иддәт-عِدَّةٌ» деп атайды. Иддәттің сөздік мағынасы «санау» дегенге саяды. Күйеуі қайтыс болған әйелдің күту мерзімі – 4 (төрт) ай және 10 (он) күн[2]. Ажырасқан әйелдің күту уақыты – 3 (үш) етеккір мерзімі[3].

(Хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) [1] — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар).

Қорытынды:

Шариғатта тұқымқуалаушылық деген бар. Бірақ, бұл телегония емес. Телегония, алғашқы еркектің хромосомалық ізінің басқа күйеуден болған ұрпаққа да әсер етуін айтады.

Ал, тұқымқуалаушылық – ата-ананың физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктерінің ұрпақтан ұрпаққа өтуі. Бұны «ген» деп атайды.

Жалпы алғанда, телегония түсінігі ажырасқан немесе күйеуі өлген әйелдің одан арғы өмірінде тұрмысқа шығып, одан ұрпақ сүюіне кедергісін тигізеді деген ойдамын. Өйткені, аталмыш гипотезаға имандай сенген еркек ажырасқан яки жесір қалған әйелді өзіне жар етіп алмасы анық.

Түйін сөз:

Шариғат бойынша, әрбір ұрпақ өзінің әкесіне тиесілі. Сондықтан да, ажырасқан не болмаса, жесір қалған әйел белгілі иддәт мерзімі біткеннен соң өзгеге тұрмысқа шығуына құқылы. Одан тапқан бала күйеуінің ұрпағы ретінде есептеледі. Оған алғашқы күйеуінің ешқандай қатысы жоқ.

«Телегония» гипотезасының рас не өтірік екендігін ғылым анықтайды. Қазіргі ғылым телегонияны "жалған", "дәлелсіз" деп отыр.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста