Тілі басқа болса да – тілегі бір, Ділі басқа болса да – жүрегі бір.

Тілі басқа болса да – тілегі бір, Ділі басқа болса да – жүрегі бір.

Қазіргі таңда «Исламофобия» термині жер бетіндегі мұсылмандардың болмысын, дүниетанымын, діні мен мәдениетін Исламды бойлап білмеген өзге дін өкілдері үшін дінді сипаттаушы құралға айналды. Осыған байланысты Исламды жақтап шығу мақсатында әртүрлі дін өкілдерінің басын қосып, дінді насихаттау секілді ағартушылық жұмыстары жолға қойылғанымен исламофобия дертіне толықтай шипа ретінде жетпей жатқан секілді. Сол үшін дін кез келген адамға рухани азық болғанын ескерсек, оны адамның бойына еш өзгертусіз ендіру бүгінде аса маңызды болып отыр.

Осы тұрғыда Исламның бейбітсүйгіш дін екенін, оның әрбір қоғамға тигізер пайдасы туралы Мысыр Араб Республикасының бас мүфтиі Шейх Ибраһим Шауқи Алламның араб елдерінің ұйымдастыруымен Вена қаласында екі күнге созылған «Бейбітшілік диалогі» атты халықаралық конференцияда сөйлеген баяндамасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
Шейх Шауқи Аллам өз сөзінде, Ислам мейірімділік және қарапайымдылық діні екендігін алға тартады. Ол қашанда адамзат арасын жарастыруға, ортақ қоғамда ауызбіршілікте өмір сүруге, адамның дініне, тіліне, түр-түсіне қарамастан бейбіт диалог құруға шақырады. Яғни, тілі басқа болса да – тілігі бір, ділі басқа болса да – жүрегі бір жандардың қатарын қоғамда көбейтуді көздейді. Ислам әртүрлі ұлтты құрметтеуге баса назар аударады. Себебі, ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар және одан кейінге игі сахабалар мен табиғиндердің өзі құрметтеу дәнін біздің санамызға егіп кеткен. Біздің мақсатымыз – енді сол дән көркем жеміс беру үшін мұсылмандық сипаттан ауытқымай, ілгеріде өткен игі кісілердің көрсеткен ізгі жолымен жүру.
Сонымен қатар, Ислам әртүрді діни көзқарас мен ұстанымдар болғанымен олармен бейбіт болуға шақырады. Өйткені, Аллаһ Тағала біздерге олардың (өзге дін өкілдері) діндеріне сенуге тұтастай Құранда: «Біз Аллаһқа, бізге түсірілген Құранға әрі Ибраһим, Исмайыл, Ысхақ, Яғқұп және оның ұрпақтарына, сондай-ақ Мұса, Иса пайғамбарларға берілген нәрселерге, және де өзге де Аллаһ тарапынан басқа пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын бөліп жармаймыз (бәріне бірдей сенеміз)» деңдер», делінген.
Ислам дінаралық келісім мен ынтымақтың өркендеуіне жетелеуші дін екенін ұмытпауымыз керек. Бұл негізді қазіргі таңда тарихқа көз сала отырып қайта жандандырып, болып жатқан түрлі діни келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында дінаралық байланысты жиілетіп, дұшпандық пен арсыздықтың жолын тосу керек. Ол үшін бізге дін өкілдері арасында шынайы ықыласты көрсету аса маңызды рөл атқарады.
Дінаралық қатынас көршімен тату тұру секілді. Ал, көршімен тату, оған құрмет көрсету Исламның басты ұстанымдарының бірі. Бұл жайында пайғамбар с.а.у.: «Көршісі аш жатып, өзі тоқ болса толық мұсылмандық сипаттан емес» (хадис мамзұнына қарай аударылған), деген. Міне, мысал. Сондықтан өзге діндер де көрші секілді бір бірін толықтырып тұратындай қатынас жасау керек. Бұл үшін алдымен өзге адами тұрғыда құрметтеуді және оның жеке ақысына қол сұғуға болмайтынын үйрену керек. Егер екі көрші осындай қатынасты болса онда мемлекетаралық қатынас та осы дәрежеге жетеді. Ал, мемлекет адами қатынасты насихаттаса дін аралық қатынас нығаяры сөзсіз.
Дінаралық қатынасты жақсартуға бағытталған Мысыр пәтуа шығару басқармасы жанынан араб елдеріндегі діни бірлестіктердің жұмыстарын қолдау мақсатында әрі олардың ара қатынасын нығайтуды негізге алған орталық ашылған болатын. Бүгінде аталмыш орталық әйгілі әл-Азһар университетінде тәлім алған білікті ғалымдардың салған жолымен жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, орталықта түрлі дін өкілдері тарапынан бейбітшілікті көздейтін діни пәтуалары, ұстанымдары, көзқарастары көптеген тілдерге аудару жұмыстары қолға алынған. Бүгінде біз дінаралық келісімнің жандануын тек халықаралық конферециялар шеңберінде өрбітпей, сонымен қатар оған бағытталған арнайы білім беру жүйесін де қарастырып жатырмыз. Бұл біздің болашақ ұрпақтың біз көрген шиеленістің шырмауынан ұзақ болып, дінаралық татулықта ғұмыр кешулеріне серпін береді деп сенеміз.
Сондықтан Исламның 14 ғасыр тарихтың қай бетін ашсақта дінаралық шиеленіске шақырған тұсын таба алмайтынымыз анық екені ұмытпау керек. Исламға жағылған бүгінгі қара күйе ол тек біздің дінге қараған салғырттығымыздан ғана туындаған дүние. Ендігі жерде біз Исламды дінаралық қатынасты нығайтушы, әрі ұлтаралық бейбітшілікпен ынтымақтың негізін қалаушы дін екенін паш ету жұмыстарын күшейтуіміз керек. Себебі, нағыз Ислам діні тек бейбітшілікке ғана үндейді.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,
Дінтанушы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста