Төсекте тыйым салынған нәрселерге ислам діні қалай қарайды?
Отбасы ішіндегі көптеген мәселелерге жауапты дінімізден табуға болады. Мәселен, әйел күйеуіне еткен жақсылықтарын міндетсінбеуі керек, азық-түлік, киім-кешек секілді тақырыптарда күйеуін ренжітпей, қолынан келмейтін нәрсені одан сұрамауы керек. Күйеуінің абыройын қорғап, әр істе оның разылығын алуға, оны қуантуға тырысып, оны ренжітпеуі керек.
Құрметті оқырман, мен өзім бес уақыт намазымды қаза қылмауға тырысып жүрген қарапайым мұсылман әйелмін. Сондықтан да өз білгенімді Сіздермен бөліссем деймін.
Әйелдің үйінде күйеуі үшін сәнденуі сауап. Пайғамбарымыз бұған кеңес берген: «Исраил ұлдарының әйелдері үйлерінде сәнденбегендері үшін олардың еркектері зинаға түскен» деп білдірген. Әйелдер үйде өздеріне мән беруі керек, киіміне, сәніне, макияжына т.б. Өзін салғырт қарап, тастамауы керек. Өйткені еркектер сыртта, жұмыс орындарында сәнді, макияжды, көрікті әйелдермен бірге болады. Кешке үйіне келгенде салғырт әйелді көргенде көздері далаға тарта бастайды. Сондықтан әйел бар өнерін салуы керек, таңертеңгісін ерте тұрып күйеуінің азанғы асын дайындауы, есікке дейін амандық, сәттілік тілеп шығарып салуы керек. Кешке сәнденіп, өзін күтінген халде күлімдеген жүзбен күйеуін қарсы алуы керек. Күйеуінің сол күнгі стресін, шаршағанын басуы керек.
Еркектердің сыртта бөтен әйелдермен некесіз қарым-қатынасқа түсуінде үйдегі әйелінің де кесірі бар. Азанда күйеуі жұмысқа кетіп бара жатқанда ұйықтап жатуы, кешке келгенде көршінің үйінде болуы, назар аудармауы – осыған апаратын себептердің бірі. Үйден жақын, жылы қарым-қатынас көрмеген еркектер уақыт өте келе өзін сырттан табады. Бұл еркектер кінәсіз деген сөз емес, әйтсе де мұнда өз әйелдерінің де қосқан үлесі болады. Осындай жолға түскен ерлердің жанұялық өмірлерін зерттей келе әйелдерінің өз міндеттерін дұрыс, лайықты түрде атқара алмағандығы анықталуда. Жоғарыда өткен хадис шәриф те осының ишараты.
Өкінішке орай көптеген әйелдер үй киіміне, әшекейленіп, сәнденуіне назар аудармайды. Үйде қалай болса солай, ұсқынсыз болып киініп алады. Ал көшеге шыққанда ең жаңасын, ең әдемісін киіп шығады. Мұсылман әйелдің сыртқа шыққанда сәнденуі дұрыс емес. Мұсылман әйел көшеге шыққанда, көзге түспейтін қарапайым киім киюі керек. Иіссу сеппеуі керек. Иіссуді үйіне сақтауы керек. Әйелдің күйеуіне таза және әдемі киініп, сәнденуі уәжіп. Кей әйелдер күйеуі өзінен басқаға көңіл бөлмес үшін бәрін істеп бағады. Соның ішінде, оральді жыныстық қатынас жасайтындар бар. Оған дініміз қалай қарайды екен?
«Оральді қатынас», «минет» немесе «кунилингус» деген аттармен аталатын бұл бұрмаланған қыңыр қатынас - еркектің әйелдің аузына спермасын ажырату және әйелдің жыныстық мүшесін жалап оргазмға жеткізу деген сөз. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) бір хадис шәрифте былай бұйырған: "Жыныстық қатынас кезінде фәржге [әйелдің жыныстық мүшесі] қарамаңдар, бұл соқыр болуға [көру қабілетінің бұзылуына] себеп болады"[Дәйләми, ибн Ади]. Қараудың өзіне тыйым салынғаннан кейін ауызға алу, жалау әрине жаиз [рұқсат] болмайды. Ерлі-зайыптылар төсекте бір-бірін қоздыру үшін сүйіп, аймалау, ойнасу секілді тәсілдерден пайдаланулары керек әрі бұл оларға жеткілікті. Тіземен кіндік арасынан басқа бүкіл денені сүюге болады.
«Фәтәуа-и Хиндиййа» кітабында былай делінген: «Нәуазил кітабында бір еркек жыныстық мүшесін әйелінің аузына салса, тигізсе, бұл мәкрух болады» деген. «Заһирә» кітабында да солай делінген»
Демек, махаббатты, қарым-қатынасты сақтауға тырысқанымызбен, дінімізде тыйым салынған әрекеттерді естен шығармаған жөн...
Нәзира Смайыл, Алматы