ТҮСІНДЕ АЛЛА ТАҒАЛАНЫ КӨРУ МҮМКІН БЕ?

ТҮСІНДЕ АЛЛА ТАҒАЛАНЫ КӨРУ МҮМКІН БЕ?

«Түсінде Алла Тағаланы көру мүмкін бе?» деген сұраққа кейбір ғалымдар мүмкін емес, кейбіреулері мүмкін деп жауап береді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Имам Нәуауи (Алла оны рахмет етсін) айтады: «Әл-Қази: «Ғалымдар түсінде Алла Тағаланы көру мүмкін әрі дұрыс екеніне бірауыздан келіскен. Алайда ұйқыда Алланы Өзіне лайық болмаған дене кейіпінде көрсе, оны (көрген нәрсесін) Алладан өзге нәрсе деп біледі. Өйткені, Хақ Тағаланы әлдекімге ұқсату мүмкін емес», деген.

 

Ибн әл-Бақиллани: «Түсінде Алла Тағаланы көру жүрекке ой, қиял, болжам туғызады. Бұл нәрсе (жаратылысқа тән) болған немесе болып жатқан істерде кездеседі», дейді»[1]. Жаратушы Иемізді түсінде дене заттарды көргені секілді тура мағынада (хақиқи) түсінілмейді. Өйткені, Құдіретті Алланы көзбен көру мүмкін емес. Ол әрбір айып және кемшіліктерден ада, пәк әрі таза. Құран Кәрімде:

 

«Ал олар [жаратылыстар] оның бәрін біліммен қамти алмайды»[2], делінген.

 

Салаф салихиндердің (алғашқы буын мұсылмандары) түстерінде Алла Тағаланы көргенін ғалымдар тұспалдап (тәуил етіп) түсіндірген. Имам Бәғауи (Алла оны рахмет етсін): «... Құдіретті Алланы көру қалтқысыз әділеттік сезімде, сүйсінген халде, дарқандықта, жақсылықта жүзеге асады. Түсінде Алла жәннатты, кешірімді немесе тозақтан құтқаруды уәде етсе, Оның сөзі хақ, айтқан уәдесі шын болмақ. Құдайдың назары ауса, Оның мейірімі, ал бет бұрса, күнадан ескертуі, деп түсінеді. Құран Кәрімде:

 

«...солар – ақыретте еш үлес алмайтындар һәм қиямет күні Алла олармен сөйлеспейді, назарын да салмайды,...»[3] деп баяндалады. Түсінде Алла Тағала байлық беріп жатса да, пенде оны алса, алған нәрсені сынақ, бейнет және дерт деп біледі. Соны ойлап оның тынышы кетеді, мазасызданады және сол арқылы ол үлкен сауапқа кенеледі»[4]. 

 

Осындай таңжайып түс көргенде Алла Тағалаға мақтау айтып, шүкір ету керек. Өйткені, бұл – бір игілік (сый). Қаласа, оны сенімді бір адамына айтады, қаласа, айтпайды. Түсінде Алла Тағаланы көру мүмкін емес дейтіндер ойларын былай тұжырымдайды:

 

«Біреу түсімде Алла Тағаланы көрдім десе, Шейх Имам Әһлі сүннет басшысы Әбу Мансур Матуриди (Алла оны рахмет етсін): «Бұл адам пұтқа табынушыдан да жаман», деген. Бұл мәселе Бухара мен Самарқанд машайықтары арасында тартысқа себеп болған. Самарқанд машайықтары (Алла оларды рахмет етсін):

 

«Алла Тағаланы түсінде көру болмайтын, жалған іс. Өйткені түсінде көргені қиялдан өзге нәрсе емес. Алла Тағала одан ада, пәк. Бұл мәселе жайында сөз қатпау абзал»[5], деген. 

 

ТҮЙІН. Алла Тағаланы түсінде көру мүмкін емес. Көргені жәй қиял болып саналады. Ондай түсті ешкімге айтпаған дұрыс. Зәру жағдайда ғана ондай ғажап түстерді Құран мен сүннетке сәйкес тәуил етіп, ауыспалы астарлы мағынада жеткізеді. Бұл ретте «Оған [Аллаға] ұқсас ештеңе жоқ»[6] қағидасын ұстанып, Хақ Тағалаға кейіп, сурет, көлем, пішін, шек, тарап берілмейді. Алланы әрбір айып және кемшіліктерден ада, пәк әрі таза деп біледі. Ең дұрысы Аллаға ғана мәлім! 

 

 

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі     

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста