Уақыт неге тез өтуде?

Уақыт неге тез өтуде?

Дүниені жоғалтсаң, орнын толтыруға болады, алайда уақыттың орны толмайды. Ақын Мұқағали атамыз айтқандай:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой… Өтеді барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

«Көктемнің бір күні – жылға азық», – дейді халқымыз.

Сол сияқты жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Адам баласы бұл дүниеде екі нәрсенің қадірін білмейді. Ол екі нәрсе: денсаулық және бос уақыт», – деген екен. Уақыт бәрін өзгертеді; махаббатты, сезімді, ойды, арманды, бақытты, заманды, көңіл күйді, дертті, адамды. Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара. Ең қиын жоғалту – уақытты жоғалту. Ақша – қымбат, өмір – қымбаттырақ, ал уақыт – одан да қымбат. Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Ешнәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын, алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал өткен уақыт қайта айналып келмейді.

Мысалы, Абай атамыз:

Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман… – десе, Шығыстың шайыры Ахмад Шауһи:

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған… – дейді.

Әнастан жеткен риуаятта Алла расулы (с.ғ.с.) айтады: «Уақыт тым тез жылжымай, ақырзаман келмейді. Жылдың ұзақтығы айдай, ай аптадай, апта күндей, күн сағаттай, сағат оттың жанып біткеніндей тез өтеді». Аталарымыз айтқан: Уақыттан асқан билік жоқ, Уақыттан озған жүйрік жоқ, Адамға Алла бұйыртқан Уақыттан қымбат сыйлық жоқ. Уақытты бағалай алмайтын адамды Абай атамыз: «Білмеген – соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса – жатуға», – деп теңеген екен. Әбіш Кекілбаев: «Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бір-ақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын», – деп бекер айтпаған. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек уақыт – адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат құндылық болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Қорыта келе Абайдың 15-қара сөзінде: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен есеп ал», – деп әдемі келтірген.

Қ. САЛЫҚБАЕВ, Түркістан облысы

Дін істері басқармасы

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы, Р. Нарбек

 Kazislam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста