Үйде ит пен мысық асырау күнәға жата ма?
Кейбіреулер осындай сұрақ қойып жатады. «Тіпті мысық жүрген жерде намаз оқуға бола ма? Көпқабатты үйлерде ит пен мысық асыраған қаншалықты дұрыс?» деп ақыл-кеңес сұрайды. Төменде осы сұрақтарға жан-жақты жауап бергенді жөн санадық.
Қажеттілікке қарай ит асырау жаиз. Мысалы полицияда, аңшылықта, мал бағуда, қарауылдықта ит асырауға болады. Бірақ итті үйдің ішіне кіргізуге болмайды. Аулада итке арналған бір жерде немесе үйшігінде болу керек. Ит бар болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.
Ал мысыққа келер болсақ, мысықты асырауға болады. Алайда қазіргі таңда көпқабатты үйлерде асырау қиынға соғады. Қажеттілігін кетіретін жер (туалетін) іздейді. Бір ыдысқа құм салып қойғанның өзінде қиындау болады. Кейбір мысықтар сыртқа шығып қажеттілігін кетіреді. Мысықтың қылдары үйде жан-жаққа, тіпті тамаққа да түсе алады. Оны жуындыру, тазалап жүру керек болады. Ұқыптылықпен бағып жүру керек. Ауылдағы үйлерде тышқандар болады, осы себептен мысық асырайды. Бетоннан соғылған ғимараттарда тышқандардың болу ықтималы өте аз.
Мысық лас жануар емес. Жүрген жерінде намаз оқуға болады. Сахаба болған бір әйел былай айтып берген:
Дәрет алу үшін бір ыдысқа су құйып қойған едім. Мысық келіп сол ыдыстан су ішті, сонда ағам Әбу Қатада тағы біраз су ішсін деп ыдысты мысықтың алдына жылжытты. Менің таң қалып қарап тұрғанымды байқап: «Неге таң қаласың? Расулуллаһ алейһиссалам: "Мысық нәжіс емес. Сендерді айналып жүретін (сүйкімді) бір жануар" деп айтқан» – деді. (Тирмизи, Нәсаи, Әбу Дауд, Мууатта)
Басқа бір хадис шәрифте де мысықты жақсы көрудің иманнан екені білдірілген.
Лас емес екен деп мысықты міндетті түрде асырау керек екен деп ойлап қалмау керек. Мысықтар арқылы ауру да жұғуы мүмкін. Көршілер мазасызданып жатқан болса, онда үйде асырамаған жөн. Кейбір әйелдер тышқаннан қорқады. Мысықтан, иттен қорқатындары да кездеседі. Көршілеріміздің мазасызданбауы үшін сүйікті жануарымыз болған мысықты үйде асырамағанымыз жақсы болады.
Негізі жануарларды үйде торға қамап қою күнә болады. Үйде мысықтан басқа жануарды асырауға болмайды. Ауыл шаруашылығында қоян және осы сияқты жануарларды қажеттілікке қарай асырауға болады.
Әййуһәл уәләд илмихалында былай делінеді:
Бұлбұлды торға қамап қою жаиз емес. Канарейка, бұйра тоты сияқты торға үйретілген құстарды торда асырау жаиз болады. Өйткені сыртқа еркіндікке жіберілсе, өлімге тасталумен бірдей болады. Үйге итті кіргізу жаиз емес. Аквариумда балық асырау – балықты қамау болып саналмайды. Онсыз да балық суда өмір сүреді, мұның зияны болмайды.
Мысық үйде асыралады, сыртта асырау да күнә болмайды. Итті үйдің ішінде асырауға болмайды. Сондай-ақ, итті тек қажеттілік бар болса ғана асырау керек. Аңшылық үшін, бақшаны немесе малды қорғау үшін дегендей зәрулік қажеттіліктерден басқа мақсатта ит асыраудың дұрыс еместігі, көптеген сауаптарды жоятындығы хадис шәрифте білдірілген. (Мүслим)
«Жанды нәрсенің суреті, ит және жүніп бар болған үйге (бөлмеге) рахмет періштелері кірмейді» деген хадис шәриф те итті үйге кіргізудің дұрыс емес екендігін білдіреді.
www.islamdini.kz