ҰЗАҚ ӨМІРГЕ ҚҰЛШЫНЫС ЖӘНЕ АЖАЛ

ҰЗАҚ ӨМІРГЕ ҚҰЛШЫНЫС ЖӘНЕ АЖАЛ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Төрт нәрсе бақытсыздық: көздің құрғап қалуы (Алладан қорқып жыламауы), жүректің қатаюы, дүниелік армандардың бітпеуі және дүниеге деген махаббат». (Мүснәд Бәззар)

Имам Ғазали былай дейді: “Адамның ұзақ өмір сүруге ұмтылысы дүние құмарлықтан не надандықтан.

Дүние құмарлық жеңген адам жақсы көретіндерінен айыратындықтан ажалды жақтырмайды. Жеп-ішуге, қызық пен ойынға беріледі. Өлмей, көп ақша ұстап, әйел, баласын үлде мен бүлдеге орағысы келеді. Бәрі өз қалауындай болғанын тілейді. Байлық жиюды ойынан шығармайды. Бұл қалауына қайшы келетін өлімді ескермейді. Анда-санда есіне түссе де, “Әйтеуір алдымызда өмір бар ғой! Өлімге де дайындығымызды жасармыз!” деп ойлайды. Уақыт өтіп, қартайған кезінде де:

“Мына үйді (не сондай бір істі) бітірейін, бала-шағам ешкімге мұқтаж болмасын дейді.” Өмір үшін істелген кез келген шаруа өзімен бірге көптеген қарбалас тірлік ала келеді!

Ал шынында дүниелік істердің/күйбең тірліктің ешқашан бітпейтінін білмейді. Бос уақыт табылады деген оймен күнделікті құлшылығын кейінге қалдыра береді. Ақырында ажал келіп жетеді, өмірін зарармен аяқтайды. Расында жаһаннамда азап шегетіндердің көбі күйбең тірлікпен құлшылық міндетін атқармағандар. Оның себебі дүние құмарлық пен өлімді ойламауда. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Кімді және нені жақсы көрсең де, бәрібір бір күні олардан айырыласың!” деген.

Көп жасауға құмарлықтың тағы бір себебі “надандық”. Надан адам жастығына сенеді. Мынаны білмейді; өзі қартайып ажал жеткенше, өмірден талай бала мен жас кетіп жатыр.

Және де қарттардың саны аз. Өйткені көп адам қартаймай ажал табады! Надан денсаулығы тәуір болса да, аяқ асты өлімді ойламайды. Ал кесел бір демде жабысады. Ажалдың жастық, қарттық, балалық секілді жас шектеуі, көктем, жаз, күз, қыс деген секілді маусымы және күн мен түн секілді белгілі мезгілі болмайды. Егер надан бұларды білген болса, сөз жоқ, ақылға жүгініп, өлімге көбірек дайындық жасар еді. Бірақ оларды ойламауы, дүниеге деген құштарлығы және ұзақ өмір сүрсем деген ниеті өзіне бір күні келіп жетер ажалды ойлатпайды, селқостыққа сүйрейді.

Өлімді үнемі естен шығармай, ақыретте есеп беретін Алла Тағаланың және құлдарының хақысын дүниеде орындауға күш салу қажет. 

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста