Хазіреті Айша анамыз: Йә Расулуллаһ, Қадір түнінде не деп дұға етейін?

Хазіреті Айша анамыз: Йә Расулуллаһ, Қадір түнінде не деп дұға етейін?


Пайғамбарымыз (с.а.у): “Аллаһ Қадір түнін үмметіме сыйлық етіп берген, одан бұрын ешбір үмметке бермеген.”

Пайғамбарымыз (с.а.у): “Кімде-кім Қадір түнінде, сауабын Аллаһ Тағаладан күтіп, шын ықыласымен өткізсе оның өткен күнәлары кешіріледі.”

Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.у): “Йә Расулуллаһ, Қадір түнінде не деп дұға етейін?”,-деп сұрады.
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: “Йә Аллаһ Тағала, Сен барша күнәларды кешірусің, кешіруді жақсы көресің, менің де күнәмді кешіре гөр деп дұға ет”, -деді. (Арабшасы: Аллаһуммә иннәкә ъафуун, туһиббул ъафуа, фаъфу ъәнни.)

Расулуллаһ (с.а.у) айтты: “Аллаһ Тағаланың мың айдан қайырлы түні бар, кім сол түннің сауабынан, жақсылығынан мақрұм қалса барша сауап, жақсылықтан құр қалады”.

Құранда: «Қадір түні мың айдан артық» (Қадір сүресі, 3-аят) делінген. Ал мың айда 83 жыл 4 ай бар. Демек егер Қадір түні ғибадатпен өткізілсе, 83 жылдан (1000 айдан) астам ғибадат еткендей сауабын алады.

Қадір түннің қасиеті, сауабы соншалықты үлкен болатын болса, Аллаһ Тағаланың бізге берген кеңшілігіне, мейіріміне шүкір етіп, шайтанның азғыруына ілеспей, осындай түнді қастерлеп, ғибадат, дұғада болайық.

Ескерту: Жоғарыдағы мәтін rasulullahkz@googlegroups.com ішкі хат алмасу торабынан келді. Егер хадистер Сізді қызықтырса, аталған поштаға жазылып қойсаңыз болады. Өкінішке қарай аталған хадистерді жолдап жүрген азаматтың аты-жөнін білмеймін. Не де болса, Аллаһ тағала атқарып жатқан әрбір амалын сауаптан жазғай!

Мақала Өрімталдан алынды 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста