"Хиджаб – ойыншық емес": Имам елімізге танымал қыз-келіншектерге кеңесін айтты

"Хиджаб – ойыншық емес": Имам елімізге танымал қыз-келіншектерге кеңесін айтты

"Хиджабты ойыншыққа айналдыруға болмайды". Имамдар орамалды бірде тағып, бірде шешіп, немқұрайлылық танытып жүрген танымал бикештерге осындай кеңес берді. Себебі дінге бет бұрған жан хиджабты көңілі қалаған кезде тағып, қаламаған кезде тастап кетуге болмайды, дейді діндарлар. Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметі хабарлайды.  

Шоу-бизнесте жүрген танымал әншілер мен блогерлер хиджаб тағуды сәнге айналдырып алған. Бірі орамалды дінге бет бұрғандықтан тақса, енді бірі сахналық образына лайықтап алған. Десе де, бір киген орамалын түрлі себеппен қайта шешіп жатқандар да баршылық. Мысалы, Роза Әлқожа қажылыққа барып келген соң жабық киінемін деген еді. Алайда көп ұзамай бұл шешімінен айныды. Сол сияқты Ақбота Сейтмағамбет те хиджабты ұзақ кимеді. Мұнысын: "Мен үшін хиджабта жүріп, екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып нан таппайсың", – деп түсіндірді өзі телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ ел алдында жүрген танымалдар ішінде хиджабты тек сән үшін киетіндер пайда болған. Орамалды суретін желіге жүктеп, елдің екіұдай пікіріне қалғандардың қатарында Аша Матай, Ерке Есмахан бар. 

"Жарнама қылып жұрттың бәріне көрсеткісі келеді. Содан кейін орамал тағып жүреді. Сөйтеді де, орамал тағыңыздар деп, кейінгі жастарға үлгі-өнеге болғысы келеді. Қуанып қаласың. Ал бір уақытта қарасаң, орамалды лақтырып жіберіп, кеудесін ашып тастап, ән айтып тұрған кезде кәдімгі жаралы жүрегің ауырған былай тұрсын, жүйкеңе зақым келеді", – дейді Құрманәлі. 

Сол сияқты еліміздің имамдары танымал қыз-келіншектерге өз кеңестерін айтты. 

"Бірде киіп, бірде шешіп тастау деген бұл дұрыс емес. Өйткені бұл бізге парыз болғандықтан, бұны біз кидік пе, шешпеу керек. Ойыншық емес қой бұл! Өзіміз қалаған кезде киіп, қалағанда шешетін бұл біздің салттық киімге де жатпайды", –  дейді Қарағанды қаласы "Хәзірет Әли" мешітінің бас имамы Әлімжан Рахматтулаев.

Ал хижабты тұрақты киіп жүргендердің қатарында Айнұр Тұрсынбаева, Мөлдір Әуелбекова, Индира Расылхан бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста