Хит әншілер Қайрат пен Төреғали кіші қажылықты өтеу үшін Мединаға барды
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі дәл қазір Медина қаласында жүр.
Өнер иелері кіші қажылығын өтеуде, деп хабарлайды Экспресс К.
Суретті Қайрат Нұртастың өзі Instagram-дағы парақшасында жүктеді. Онда Қайрат әнші әрі досы Төреғали Төреәлімен бірге мешіттің ішінде отыр. Екеуі алысқа қарап қояды.
Төреғали бұл сапарға әкесі Төреәліні ерте барған. Умраны өтеп жүрген қос әншіге желі қолданушылары тілектерін айтты.
"Ниеттерің қабыл болсын". "Қайраттың сағы сынып, басылып қалған", "Қайрат пен Төреғали еліміздің қос жұлдызы". "Аман-есен оралыңдар", — деп жазды желі қолданушылары.
Осы жылдың ақпан айында да Төреғали Төреәлі жарымен бірге Умра қажылығына барып қайтқан еді. Қажылық парызын тек Қайрат пен Төреғали ғана емес, әнші Серікбол Сайлаубек, танымал актер Дәурен Айдарқұлов пен әзілкеш әрі режиссер Нұртас Адамбай Мекке қаласында өтеді.