Хижама – мың бір дерттің дауасы
Бүгінгі таңда бірқатар медициналық институттар мен ғылыми орталықтарда хижаманы халықтық емдеу әдісі ретінде зерттеуде. Ғаламтордан да бұл ғажайып емдеу тәсілі жайлы мағлұматтар көп. Назарларыңызға араб тілді ислам сайттардағы хижама жайлы көлемді мақаланың ықшамдалған түрін ұсынамыз.
Емнің ең үздік әдісі
Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте: إنَّ أَمْثَلَ مَا تَدَاوَيْتُمْ به الحجامة
«Сендер емдікте қолданған ең үздік әдіс – хижама»[1], – деп айтылған.
Адам азғасында қанның қызыл түйіршіктері үнемі көбею үстінде болады. Қанның тепе-теңдігін сақтаудың ең қауіпсіз және белсенді жолы – хижама. Зерттеу бойынша, тамыр қаны мен бұлшық ет қаны бөлек болатындығын көрсетті. Бұлшық етте қанның ақ түйіншіктері аздау. Ал, ақ түйіршіктер денені қорғаушы және вирус пен бактериялармен күресуші міндетін атқарады. Бұл өз кезегінде, хижама жасау ағзада иммунитетті сақтап тұрушы қанның қалып, қанның артық қызыл түйіршіктерінің шығуына себеп болады.
Емнің бұл түрін Құран оқумен жасау аса маңызды. Тіпті, жаңа медициналық зерттеулер дауыс толқындары мен ырғағының қан жасушаларына әсері дәлелденген. Жақсы дауыс толқыны қанның дұрыс жүруіне, жасушаларының белсенділігіне және тепе-теңдігін реттеуге ықпал етеді. Сонымен бірге, дауыс жасушаның өмірін ұзартуға септігі тиеді. Судағы, ауаданы және күнделікті тұтынатын азық-түліктегі лас заттар, вирус пен улы заттар жасушаның өмірін қысқартады. Ал, жақсы дауыс соның барлығына ем. Ал, Құранды оқи отырып хижама жасау таза қанның белсенділігін арттырып, «өлген» қанның денеден жылдам шығу процесін үдетеді. Осылайша, хижаманың адамға пайдалы әсерін күшейте түседі. Құран Кәрімде:
وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِينَ
«Біз мүміндерге шипа және рақым болатын Құран аяттарын түсіреміз...»,[2] – деп баяндалғандай әрбір аятында белгілі бір ауруға шипа.
Шипа үшін Құран оқудың шарты:
1. Ем қабылдаушы Құран аяттарын таңертең-кешке оқуды дағдыға айналдыруы қажет. Хижама жасаудан алдын жеті күн оқыған дұрыс. Құранды өзі еститіндей және байсалды дауыспен оқуы қажет;
2. Бал араласқан суға аятпен дем салу. Құран Кәрімде:
يَخْرُجُ مِنْ بُطُونِهَا شَرَابٌ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ فِيهِ شِفَاءٌ لِلنَّاسِ إِنَّ فِي ذَلِكَ لآَيَةً لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
«...Оның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті қоректік бал шығардық. Шынында, ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда да дәлел бар»[3], – деп айтылғандай, адам жасушасына ең тиім әсер ету жолы – су және бал. Бал араласқан суға Құран аяттарын оқу сусынның емдік қасиетін арттыра түседі. Емделуші шипаны беруші Алла деп кәміл сенуі қажет.
3. Емделуші дәрет алу, намаз оқу және ораза тұту сияқты Құран әмірлерін толығымен орындауды бастауы қажет. Сонымен бірге, ғайбат, сөз тасу, харамға көз салудан тиылуы тиіс. Міне, сонда, жаны мен тәні арасында үйлесімділік пайда болып, бойына ем қона бастайды;
4. Үздіксіз оқу. Хижама жасау процесі басталғаннан толығымен аяқталғанша, Құран оқылып тұрғаны абзал. Әсіресе, Фатиха сүресін оқу кеңес етіледі.
Хижама... Мың бір дертке дауа
Адамның өсу процесі жиырма жасында тоқтайтындығы белгілі. Оның салдарынан адам ағзасында, әсіресе, арқа жағында тұз сияқты улы заттар жинала бастайды. Өлген қан түйіршіктерінің көбеюінен соң қан айналып жұмысы баяулайды. Ол өз кезегінде дененің қызметіне кері әсер етеді.
Хижама – түрлі соққылар салдарынан денеде тұрып қалған улы және бұзылған қаннан артылудың тиімді тәсілі. Сонымен бірге, қан ауруларын емдеп, дененің белсенділігін артырады. Хижама – қатерлі ісік ауруынан сақтап, кейбір сал ауруының алдын алады. Сонымен қатар, ревматизм, астма, қатты бас ауруын (мигрень) алдын алады.
Хижама – желке, арқа және аяқ бұлшық еттерінің тартылуына қарсы таптырмайтын ем. Хижама денеге қуат жүктейтін көз ретінде жұмыс істейді. Белдегі жүйке ауруларын емдейді. Сондай-ақ, бүйректің қабынуына ем.
Қорыта айтқанда, хижама жасаумен:
1.Денедегі жалпы әлсіздік;
2.Ас қорыту жүйесін жақсару;
3.Дененің белсенділігін артыру;
4.Жүйке аурулары;
5.Денені «өлген» қаннан тазарту;
6.Иммунитетті күшейтеу;
7.Ағзаны улы заттардан тазарту;
8.Сақтау қабілетінінің әлсіздігі;
9.Мида қанның ұюынан қорғау;
10.Омыртқа деңгейіндегі ауруды жеңілдету;
11.Көру қабілетін жақсарту;
12.Жыныстық әлсіздікті жою;
13. Қан айналымын реттейді;
14.Бұлшық еттің тырысып қалуы емделеді.
Хижама жасау
Қанның құрамы 45 пайыз жасушадан, 55 пайызы сұйықтықтан (плазмадан) тұрады. Адамның ағзасында 25 триллион (қызыл түйіршік), 35 миллиард (ақ түйіршік) қан бар. Адам бойындағы қан қаланы электр қуатымен қамтамасыз ететін станция іспетті. Қан ағзаға оттегі мен қоректі тасымалдаушы қызметін атқарады. Ал, қанның ақ түйіршігі денеге шабуыл жасайтын вирус пен бактерияға тойтарыс беретін «әскер» сияқты.
Хижама, қарапайым тілмен айтқанда, бос шыны ыдысты арқаға қойып, ыдыстың ішінен ауа шығарып тасталады. Теріге жабысқан оттегісіз ыдыс инемен тесілген терілер арасынан өлі қанды сору әдісімен жасалады.
Хижаманың шарттары
Хижама жасату – емделудің бір жолы. Сонымен қоса, сүннет амал болғандықтан, өзіне жараса сауабы да бар. Дегенмен, медициналық тұрғыдан емнің бұл әдісіне қойылатын бірқатар шарттар бар:
1.Залалсыздандыру. Хижама жасайтын құрал-жабдықты денеге инфекция түспеуі үшін жіті таза ұстау қажет;
2.Хижама жасауға ең абзал ағза – иық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай еткен;
3.Хижама орны. Хижама жасалатын дене мүше қанды көп жоғалтпауы үшін үлкен етпей иненің ұшындай ғана тесу;
4.Емделуші жағдайы. Хижама жасатушының көңіл күйі мен жағдайы бірқалыпты болғаны жөн.
Хижамамен емдеу – үш мың жылдан бері белгілі әдіс. Алла Елшісі (с.ғ.с.) өз сөзінде емдеудің бұл әдісін жоғары бағалаған. Хижама жасату үшін жоғарыдағы кеңестерді ескере жүріңіздер. Сонымен қатар, ең маңыздысы білікті және тәжірибелі маман көмегіне жүгініңіздер.
Руслан Қамбаров