Христиан әйелдің мұсылман әйелдерге жазған хаты
Ол хатта: "Сендер бізге қарағанда бақыттырақ көрінесіңдер. Өйткені сендер табиғи әйел өмірімен тіршілік етесіңдер. Әлем жаралғаннан бері әйелдер өмір сүріп келгеннен өмір салтын Батыс әйелдері де 1960-шы жылдарға дейін ұстанып келді. Сол уақыттан бастап біз америкалық әйелдер Голливуд киноларының шабуылына, яғни арандатушылыққа тап болдық.Мен сендердің де бастарыңа осындай күндердің келуін қаламаймын. Өйткені мұның салдарында біз сияқты қорлыққа душар боласыңдар. Егер біз сияқты арандатушылықтың нәтижесінде көп нәрсені жоғалтқандардың жан айқайына құлақ салсаңдар бәлкім сендер бұл апаттан аман қаларсыңдар. Өйткені Голливуд шығарып жатқан киноларындағы өмір өтірік, барып тұрған сұрқиялық. Олар кездейсоқ болған зинаның ешқандай да зияны жоқ, жай ғана көңіл көтерудей етіп қана көрсетеді. Осы арқылы қоғамның ар-ұяттылық, әдеп-ақылақ қағидаларын жойып, оның орнына өздерінің зиянды, улы бағдарламаларын енгізуді қалайды. Америкалық әйелдерді бүкіл әлемге бақыттысымақ етіп көрсететін отбасымыз, күйеуіміздің жоқтығына және жезөкшенің киіміне ұқсас киімдерімізбен бізді өте қуанышты әйел ретінде көрсету арқылы олар сендердің де бастарыңды айналдырып, өздеріне қаратып алмақ. Ал шын мәнінде біз бақытты емеспіз. Керісінше біз бақытсызбыз..." Хаттың жалғасын осы роликтен тыңдай аласыздар