«ХУЖУРАТ» СҮРЕСІНДЕГІ 9 ӨСИЕТ
Қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінде өзара қарым-қатынас жасау жайында 9 өсиет айтылған:
1.«Егер сендерге бір пасыққандай да бір хабар әкелсе, алдымен сол хабарды анықтап алыңдар» (6-аят).
2.«Егер мұсылмандардың екі тобы бір-бірімен шайқасса, олардың арасын жарастырыңдар» (9-аят).
3.«Әділетті түрде әрекет етіңдер. Шындығында, Алла турашылдарды жақсы көреді» (9-аят).
4.«Бір топ басқа бір топты келемеж етпесін, бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар» (11-аят).
5.«Өз-өздеріңді кемсітпеңдер[1]» (11-аят).
6.«Жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер» (11-аят).
7.«Дәлелсіз ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың кейбірі – күнә» (12-аят).
8.«Бір-біріңді аңдымаңдар» (12-аят).
9.«Бір-біріңді ғайбаттамаңдар» (12-аят).
Айтылған өсиеттерді орындап, қашанда іс жүзінде қолданайық, ағайын!
Дайындаған Х. Аманқұлов
[1] Бұл мұсылмандардың бір тұтас тәннің мүшелері іспеттес бірлігін сипаттайды. Сонымен қоса егер біреуді кемсітсеңдер, ол да сені кемсітеді, сөйтіп өздеріңді-өздерің кемсіткен боласыңдар.