Жалаңаш шындық
Бірде Шындық пен Өтірік көлге бірге барып, киімдерін жағаға қалдырып, суға шомылады. Судан бірінші болып шыққан Өтірікке Шындықтың киімі ұнап қалады да, ол ойланбастан сол киімді киіп алып, кетіп қалады.
Шындық судан шыққанда өзінің киімін де, Өтірікті де таппай қалады. Өтіріктің киімін киюге оның батылы бармайды. Содан бері Шындық әлемді жалаңаш кезіп жүр деседі.
Сондықтан да адамдар Өтірікті әдемі киімі үшін Шындықпен шатастырады, ал жалаңаш Шындықпен бетпе-бет келгенде ұялады екен... Қазіргі заманда бәріміз өмірімізді әдемі етіп көрсеткіміз кеп тұрады. Алысқа бармай-ақ осы инста-әлемде екінің бірі өзін бай-қуатты, миллионер етіп сыртын жылтыратып көрсетуге құмар, өз өтірігіне өзін ғана емес өзгені де сендіргісі келеді.
Бәріміз біреудің әдемі өміріне сүйсінеміз. Өтірікке етіміз үйренгені соншалық, шындықты елемейміз де.
Енді міне, күнделікті тіршілігімізге зар болып, үйде қамалып отырғанымызда пандемияның да шын-өтірігін ажырата алмай далмыз.
Біріміз "Короновирус қолдан жасалған вирус екен, бұл індет емес, әншейін адамдарға чип салудың амалы" деген сыңайлы ватсапқа келген түрлі ақпараттарға сенеміз, енді біріміз саясатты сыбаймыз. Ел басшыларының індетпен күресінің өзі бізге көзбояушылық секілді көрініп тұрады. Өйткені олардың да әдемі өтірігінен аузымыз талай күйген. Шындық пен Өтірікті ажырата алмайтын халіміз асқынып кеткенін мойындауымыз керек.
Дәл қазір біз осындай екұдай күйде жүргенімізде мына аты өшкір вирус өрши түсіпті. Осы бір вирус өтірік болса екен десек те, бәрімізді шындап тығырыққа тірей бастады. Тәубәмізге келіп, Алладан шын жәрдем тілейікші!
Авторы белгісіз
Аударған Айнұр Сенбаева