"Жалғыз жүрек, сан сауал": Алладан қорықпай қиянат жасаудамыз, алдына барғанда не деп жауап береміз?

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Алладан қорықпай қиянат жасаудамыз, алдына барғанда не деп жауап береміз?

Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.


Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.
АБАЙ.

Құран сөзі – қасиет, Пайғамбар сөзі – өсиет
Бір ғана ғұмыр кешуге келген жұмырбасты пенде кеудесіндегі жұды¬рықтай жалғыз жүрегін отқа да, суға да салуға құмар-ақ. Қуансақ та, қайғырсақ та, ашуланып һәм қорықсақ та барлық салмақты жүрекке әкеліп саламыз. Мұның бәрі сезім арқылы байқауға болатын фактор. Бұдан бөлек көзбен көріп, қолмен ұстап тұрып жасап жатқан қиянатымыз қаншама? Жүрегіміздің қаламайтынына ақылымыз жетіп тұрса да, арақ-шарап ішіп алқындырып, темекінің көк түтінімен улаймыз-ау келіп. Алла тағаламыз жүректі тек қана имандылық пен сабырлық, шүкірлік пен тәубеге келу сияқты жақсы қасиеттердің мекені етіп жаратты емес пе? Алладан қорықпай қиянат жасаудамыз, алдына барғанда не деп жауап береміз? Біздің қараңғы, қуыс кеудемізге жарық беріп тұрған нұрлы жүректің иесі екі аяқты пенде өзіміз емес, құдіреті күшті Жаратушы екенін ұмытпайық. Бұған дәлелді алыстан іздеп жатудың қажеті жоқ.
Қазір сан түрлі ғылымның дамыған заманы. Ғалымдардың зерттеп, дәлелдеуі бойынша, адамның барлық мүшесі миға бағынып, тек жұдырықтай жүрек қана өз еркіндігінде екен. Шынымен де, өзіңіз-ақ байқап көріңізші, қалай ойласақ солай жұмыс істейміз. Бір нәрсені ұстау керек болса, миға бағдарлама беріледі, қолыңыз атқарады. Ендеше, көру, есту, жүру де миға бағынады. Мысалы, ақыл-есі кем адам да көреді, естиді, ұстайды, жүреді, ішіп, жейді. Яғни, ми өз қызметін атқарып жатыр. Көргің келмесе көзіңді жұма алатының сияқты естігің келмесе құлағыңды басуға болады. Жеуді қаламасаң аузыңды тыюға шамаң келеді. Миыңыз шаршаса ұйықтап демаласыз. Жүрегіңізге осындай бұйрық беріп көріңізші. Мүмкін емес жағдай. Ол өзінің соғу қызметін тоқтаусыз жалғастыра береді. «Жүрегім әбден шаршады. Бір-екі сағат тоқтата тұрайыншы» дей аласыз ба? Әрине, жоқ. Сонда жұдырықтай ғана жұмыр етке қызмет еткізіп, бағындырып отырған қандай күш? Шынымен де, барлық мүшесін басқара алатын адам баласының шамасы келмейтін жүректің иесі кім? Ол – бір ғана Алла. Пенденің ақылсыздығы сол – Алланың меншігіндегі жүрекке иелік еткіміз келетіндігі. Сөйтіп, иманымызды үркітіп, сабырымызды қашырып, шүкірлікті ұмытып, тәубемізге келмей небір қасиетсіз қылықтарға жол беріп, арсыздыққа барып жатырмыз. Жаратушы иеміздің тыйыл дегенін тоқтатудың орнына ерегесіп, қарсы келудеміз. Құдай – жалғыз, Құран – шын, Пайғамбар – хақ екеніне сенгісі келмейтіндер қаншама. Соның салдарынан қасиетті кітабымызда тыйым салған жамандық атаулының барлығы осы қоғамда салтанат құруда. Парақорлық, жемқорлық, жезөкшелік, зинақорлықпен бірге күллі жамандық атаулының басы арақтың ең ауыр күнә болатынын Алланың айтқаны ақиқат екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізге жеткізді. Құран сөзінің – қасиет, Пайғамбар сөзінің – өсиет екеніне бірге куә болайық, ардакөңіл оқырман! Бәлкім, сіз де ойланарсыз!

Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста