«Жалғыз жүрек, сан сауал»: Алланы сүюді Абайдай үйретіп кеткен жан кемде кем-ау қазақта

«Жалғыз жүрек, сан сауал»: Алланы сүюді Абайдай үйретіп кеткен жан кемде кем-ау қазақта

Махаббатпен жаратқан адамзатты
Жалпы эволюциялық даму процесі заңды құбылыс екенін терең зерттеп, ғылымда соншалық жаңалық ашқанымен Дарвин шал оңбай қателесті. Өзі ғана шатасып қойған жоқ, қаншама буынды жолынан жаңылдырып, адастырып жіберді. Тамырынан жұлып, тегінен ажыратты. Соның кесірінен маймыл атаулыны өңі түгілі түсінде көрмеген қазақ баласы да қаба сақалдың құрғақ ілімін Құран аятынан да артық қастерлеп, «атамыз орангутан-шешеміз шимпанзе» дегенге дейін барды.
«Бақсам, бақа екен» дегендей, пақырыңыз бірнеше ұрпақты өзі батқан батпағына батырып кетіпті. Дарвиннің тегімізді маймылдан таратқаны шоқша сақал Лениннің де оң жамбасына түсті. Қоғамға төңкеріс әкелген Володя жерден жеті қоян тапқандай өзін Құдай, сөзін Құран еткісі келді. Нәтижесінде дін апиын, құдай жоқ, құран жалған ілімімен момын қазақтың мойнына құлдықтың қамытын кигізді. Алып даласында бөрідей жортып, еркіндіктің символына айналған арда қазақтың санасы атеистік апиынмен уланып, ар-иманның мекені болған жүрегіне дарвинизм мен ленинизмнің алауын жағып, өз отына өзі күйіп кете жаздады. Алланың мейірімі шексіз екен, о баста қазақ қылып жаратқан Иеміз топырақтан жаралғанымызды, Адам ата мен Хауа анадан таралғанымызды танитын шұғылалы күнге жеткізді. Дала ділмарларынан жеткен тамыры тереңде жатқан ілім-білімнің қайнарынан қана іше бастадық. Абайын таныған жұрт Алласын тани бастады. Бабалар  аманатына құрметпен қарап, тіршілігіміздің бір арнасын құлшылыққа бұрдық.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас, – деген Абай ілімімен жүрегіміз нұрланып, көңіл көкжиегіміз кеңи түсті. Қазақы қалпын сақтап, бес қаруына бекем болған Құнанбай қажының бес күн жалған өмірге алданбай, бес парызына берік болған жан екеніне тарихтың ақтаңдақ беттерін ақтарғанда көзіміз жеткен. Әйтпесе, Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен қасиетті мекен Меккеге барып, қағбаға тәу етіп, қажылығын орындап қайтқан Құнанбай қажы сапарластарымен бірге өзінен кейінгі келетін қазағына арнап, қонақүй салдырып кетер ме еді?  Хакім Абайдың:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және осы деп хақ жолы әділетті, – дегені Құдайдың құлы екенін құлшылығымен дәлелдеп кеткен Құнанбай тәрбиесінен алған тәлімнің жемісі емес пе? Арғы-бергі тарихымызда Алланы сүюді Абайдай үйретіп кеткен жан кемде кем-ау қазақта. Көңілге кірбің ұялататыны осы – кейбір көзі ашық, көкірегі ояу жандардың, тіпті абайтанушы ғалымдардың өзі Жаратушымызды тануға келгенде дананы айналып өткісі келеді. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деп қорқытпай-ақ қояйық, ақиқатында Алланың алдына баратынымыз ақиқат. Сұралатынымыз да хақ. Ішкен су, жеген тамақ, жұтқан ауа. Бос кеткен уақыт, қадіріне жетпеген денсаулық, жалпы он екі мүшемізден түгел сұраламыз. Өйткені, мұның барлығы Жаратқан иеміздің пендесіне берген аманаты. Ал аманатқа қиянат жасау жақсылық емес екенін аталарымыз әлдеқашан ескерткен. Құран Кәрімнің 286-аятында «Алла ешкімге шамасы келмейтін істі жүктемейді» делінген. Ендеше, барлығын ауырлатып алатын өзіміз екен. Алла жайлы айтсаң екі көзі аларып шыға келетін, құранды айтсаң құлағын бітей қалатын, уағыз айтсаң уланып қалатындай көретін пенделер көп-ақ. Кешегі атеистік індеттің ішіне дендеп еніп кеткені ғой. Айналып кеп Абайға жүгінеміз:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтың түсер сәулесі,
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі, – дейді данышпан. Жүрек көзінің ашылуы қиын боп тұр ғой көп адамда. Сөйтіп жүргенде алтын уақыттың қалай өтіп кеткенін аңғармай да қаламыз. «Өткен күн, көрген қызық, бәрі жалған» болып қала бермек. Жасың келіп, көргеніңнен көрерің аз қалғанда әлгі «Ештен кеш жақсы» дейтін қанатты сөздің құны да, қадірі де қалмайды.
Кеше бала ең келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа, – дейді Ибрахим хакім. Көп пенденікі Абай айтқан қызық емес, қызыл-жасыл дүниеге қызықтырған алдамшы «Оралыңның барында ойна да күл, Бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-ақ», деген сезім. Өзі қас-қағым сәттік өмірді осы бір екі жол өлеңнің айналасында өткізгісі келетіндер де бар. Сонда Абайдың «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» дегені қайда қалады. Аталарымыз «Жалған екен көргенім, арман екен көрмегім» дегенді не үшін айтты? Санаға салмақ салғаннан көрі қызық қуып, қыз қуып өткісі келетіндер аз емес мына қоғамда. Абай әлеміне амалсыз атбасын бұрасың:
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал жетіп бас салса, жанды ұрласа,
Өмір қайда, сен қайда соны да ойлан.
Ойлан дейді данышпан. Дәл осы ақылды шынайы түсініп, шынымен сезінетін болса, асып-тасып, жалғанды жалпағынан басып жүргендер тез арада тәубесіне келер еді-ау. Бірақ, санасын шырмаған қу нәпсі құрсауынан шығарғысы келмейді. Содан кейін: «Әй, о дүниеге кім барып келді дейсің. Өлеміз, топырақ боп қаламыз» деп жұбатады. Ал Абай дана:
Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі күн жарқырап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың ойлан шырақ, – дейді. Ойлан дейді тағы да. Енді таразылап көріңізші, осыны айтқан Абай о дүниеге барып келіп пе? «Ертең өзің қайдасың, білемісің?», дегенді еріккеннен айтып отыр ма? Жо-о-қ, бұл кісі о баста-ақ айтып кеткен «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,– деп. Алланы таныған, ақиқатқа апарар жолды тапқан адамның сөзі бұл дегеніңіз. «Алланың қаһарындасың ба, әлде рахметіндесің бе», – деп тұр емес пе? «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», – дейді тағы да. Мұндағы сөз деп отырғаны Абайдың өзі еді. Өзі дұрыс адамның сөзі түзу келетіні ақыл иесі болған адамзат үшін бесенеден белгілі. Қазағын Абайдай сынаған, сүйген, түсінген адам кемде кем. Ендеше, біз де хакімді толыққанды түсінуге, тануға тырысайық. Баянды болашағымыздың бағдаршамы іспетті Абай ілімінен айналып өтпейік ағайын!


Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015,).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста