"Жалғыз жүрек, сан сауал": Бақыт қайда барасың?

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Бақыт қайда барасың?

Жетісу өңірінен шыққан дара ділмарлардың бірі ел арасында Қабан жырау атанып кеткен Қаблиса бабамыздан қалған рухани мұраға зер салатын болсақ, ұрпағына нені аманаттап кеткенін аңғару қиын емес. Жыраудан жеткен асыл қазынаны парақтап қана қоймай, ойыма оралған орамдарды ортаға салуды жөн көрдім. Ғұмырымызды ғибратқа толы өткізудің жолын көрсеткен баба сөзі сізге де ой салары анық.

Әлқисса, адамдық қасиет – ар-ождан, иман-сабыр, ұят-иба сияқты көркем мінезден тұрады емес пе? Осындай ізгілік тұла бойында тұнып тұрған кез келген жан екі дүниеде де бақытқа кенелері ақиқат. Ол үшін адам өмірге неге келгенін анық білгені абзал. Әйтеуір, «өмірге келдім екен, құдай салды мен көндім» деп күйбең тірліктің илеуінде күн өткізудің не қадір-қасиеті болсын. Ұрпағың үлгі алатындай, есінде мәңгі қалатындай не ізің, не сөзің қалмаса, ас ішіп, аяқ босатып өткен өмір кімге өнеге болмақ. Ал бабаның жауһар жырларын оқыған жан өміріне жетерлік сабақ алатынына күмәнім қалмады.
Тіл алсаңдар шырағым,
Өсек сөзді елеме.
Үйір болғын, шырағым,
Жақсы сөзге өнеге.
Тіршілікте сыйласқын,
Дүние қайтып келе ме?
Дүниеге сенім жоқ,
Мінерсіз бір күн кемеге,
– деп басталған екен Қабылиса жыраудың қанатты жырлары. Хакім Абайдың бес дұшпаны да осы «өсектен» басталушы еді. Ертеректе өмір сүрген Қабан баба да «өсек сөзді елеме» дейді. Санама салып, саралай келе түсінгенім, өсектің бір тармағы – ғайбат. Екеуі де адамды тек өкінішке қалдыратын лас істерден екен. Осыдан кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Жақсы сөйлеңдер, әйтпесе, үндемеңдер» деген хадисінің мәні тереңде жатқанын ұғыну қиын емес. Өйткені, он күнәнің тоғызы тілден болатынын аталарымыз әлдеқашан айтып кеткен. Тілін тиған адам бойына ізгі қасиет жиған адам болады екен. Қабан ақынның ғибратына үңілсек:
Ойлап тұрсақ, жігіттер,
Көп қой біздің қатамыз.
Әрбір сөзді көп сөйлеп,
Көп күнәға батамыз,
– деп тілден келетін кеселдің жолын кесуді айтып отыр.
Әсілі, біз бақытты ұрпақ екенбіз. Аттың жалы, түйенің қомында күн кешкен бабаларымыз дәл қазіргі жарқын да шуақты күніміздің жолында бар ғұмырын өткізді. Қилы заман, қиын дәуірлер басынан кешті. Соның өтеуіндей болып, осы бір тыныштықтың бесігінде тербеткен шұғылалы күн де жетті. Бабалар бізге аманат ретінде ұлан-ғайыр алып даланы ғана қалдырған жоқ, осы мекеннің иесі болатын бізге жүйелі сөздің киесін де тапсырып кетті. Сөз қадірін өз қадірінен биік қойған ел емеспіз бе? Сондықтан болар, атадан қалған асыл сөзге айналып соға беретініміз. Ақыретте Алланың алдында жүзіміз ашық, пенденің алдында еңсеміз биік болуы үшін Қабан бабадан қалған қасиетті жырдан үлгі алсақ, өміріміз өкінішсіз өтетіні ақиқат. Өйткені, шежіре кеуде абыз баба:
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар.
Көпшілікке жаққан жан,
Басына жаққан шырақ бар.
Фәни тұрмақ бақида,
Мінетұғын пырақ бар.
Ешкімнің хақын жемеңдер,
Ақыретте сұрақ бар,
– деп ескертеді. Бұдан түйгеніміз жалған дүниенің арзан жарнамасына қызығып, «гүл-гүл жайнап, күліп ойнап» жүргенде өмірдің өтіп кеткеніне өкініп қалмауымыз үшін, мәңгілік дүниеміздегі азығымыз болатын сабырымызды серік, ұятымызды берік, иманымызды кәміл етіп, тіршілігімізде құлшылығымызға бей-жай қарамай, есеп күні ескерілер амалымызды түгендеуіміз керек екен. Екі дүниесін қатар ойлаған пенденің басына бақыт құсы өзі келіп қонары хақ.
Өлгенше қор болмайды,
Азаматтар ниеті ақ.
Оларға үйір болады,
Сарқылмайтын дәулет, бақ,
– дейді жырау. Әлбетте, ниеті ақ адамға бір Алланың өзі жақ болары хақ. Яғни, қонатын бақтың бағы адамның амал, ниетіне байланысты екен. Ал мұсылман баласы үшін амалдың ең биігі – бес парызының толық болуы. Аллаға шүкір, қазіргі қоғам дініміз оралып, діліміз бекемденіп, ұлт рухының өзегіне түскен атеистік індеттен арылып, құдаймызды танып, құлшылығымызға құрметпен қарайтын шақ. Анығын айтқанда, – бағалай білгенге бақ қонатын кезең осы сәт. Қабылиса жырау:
– Бақыт қайдан келесің?
– Берекесіз адамнан,
Ата-анасы наданнан
Үркіп, қашып келемін.

– Бақыт қайдан келесің?
– Ораза-намаз оқымас,
Алланың атын тоқымас,
Бейнамаздан келемін,
– деп бір толғайды. Аталарымыздың «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді», дегені рас-ау. Иман ұяттан тұрса, ұят ардың қалқаны болса, ар адамның бетпердесі, ал беті ашылған адамның өзінде де, сөзінде де береке болмайтын болса, надандықтың белгісі емей немене? Мұндай жерден бақ кетпегенде қайтсін.
Бақыт қайда барасың?
Үйінде тұрған Құраны,
Расулалла ұраны,
Тәртіпті үйге барамын.

Бақыт қайда барасың?
Тарауық намаз оқыған,
Көңіліне аят тоқыған,
Ниетті елге барамын.

Бақыт қайда барасың?
Қызы мен ұлы ибалы,
Ата-анасын сыйлайтын,
Сондай үйге барамын.

Тегі мықты бабаларымыз осылай десе, неге бас ұра келіспеске. Саралай келсем, бақыт бағын бағбанша күткенде ғана жемісін көреді екенбіз. Ол үшін бір ғана берілетін өмірде уақыт пен денсаулықтың қадіріне жетіп, он екі мүшеміздің бүтіндігіне шүкірлік қылып, әрбір нығметті Алланың аманаты деп қарасақ жетіп жатыр. Оған бола бізге тау қопарып, тас құлат деп жатқан жоқ. Тек ниетіміз дұрыс болса болғаны. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Әрбір амал ниетке байланысты» дегенді текке айтпаған.
Қабан бабамыздың:
– Бақыт қайда барасың?
– Соғысқа құмар ойы жоқ,
Ұлан-асыр тойы көп,
Бейбіт елге барамын,
– дегені дәл бүгінгі уақытымызды суреттеп тұрғандай. Олай болса, біздің де тілегіміз осы – бейбітшілік бесігіне айналған елімізден береке кетпесе екен.

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.201508.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста